Оңашадағы ойлар...

Оңашадағы ойлар...
жеке
блог

 Меніңше,адамның құлпырып,әлпетінің жақсаруы-оның ішкі дүниесінің тазалығына байланысты сияқты.Неғұрлым адам арамдыққа бет бұрып,санасын жағымсыз ойлармен ластаса,оның сырт жүзі де сұстана түсетін секілді.Бірақ бет аузы жылтырап жүріп,небір қулық сұмдықтарға барып жүретіндер де бар ғой...

                                                            *  *  *

   Жақсы,дарынды,ақылды,мейірімді адамдар өте көп...Оларды артқа қарай тартатын арам,жауыз,тасжүрек,іші тар адамдардың оларды басып озатыны өкінішті,әрине...

     *  *  *

   "Үндеме,ешкімге қарсы сөйлеме"Анамның маған айтатын ақылы.(Тұрмыс құрғалы)Қазір,5жылдай уақыт бопты тұрмыс құрғаныма.Осы күнге дейін бір рет те болса ата-енеме қарсы сөз сойлемек түгілі,қабағымды да шытпаппын.Кей кездері артық кетіп жатқан тұстарында оңашада жылап алып,тез ұмытып кететінмін,түк болмағандай сөйлесіп кете берем.Кей кездері өзімнің ойымды айта алмағаныма қапаланатынмын.Бірақ,ата-енеңнің бетінен алып,ұрсысу өзіңе де,өзгеге де пайда әкелмес.Үндемеген үйдей бәледен құтылады деген рас екен.Ата-енем үйге келген жандарға мені мақтайды да отырады,сол кезде мен де мәз боп қалам!