Оңалдық па?

Тектілігін жоғалтқандық па,оңалтқандық па?

       Жаз мезгілі басталғаннан табиғат  өзгеше күйге еніп,сыртқы тондарын да ауыстырып жатыр.Сонымен қатар,қазақтың қылықты  қыздары мен ел сенімін ақтар деген ер жігіттеріміз де  сан құбылып жүр.Бұл мақаланы жазуға басты себеп болған да осы.Сыртқа шығып ,айналаға рухани көзбен бір шолу жасасақ жастардың жанарынан қазақи құлдырауды көреміз.Бәрі бір-біріне ұқсас бейнелер,қыздары да,ұлдары да. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды»-делінген  екен халық даналығында. Әрине,көпке топырақ шашпаймыз.Дегенмен,сөздің жаны бар...

          Мақаламызды бастамай тұрып тарихқа үңіліп көрелік. Қазақ халқыннан шыққан ер жігіттердің барлығы иманды,сабырлы,ер жүрек,елі,жері  үшін жанын қиятын,нәзік жандыларды аялайтын  болған.Қазір де солай.Бірақ,бірақ...Кейде осылай сөзден тосылып қалатынымыз бар.Себебі,кейбір қазақи,имани тәрбиеден адақалған ұл-қыздарымыз  қазақы құндылықтан гөрі жат пиғылды Европаның яғни батыс мәдениетін бойына да,ойына да сіңіріп жатыр. Осы сөзімді дәлелдемек  болып мынандай сауалнама жүргізіп көрген едім:

1.     Қазіргі ұлдардың  бойынан қазақылықты байқайсыз ба?

2.Ұлдардың бойынан қазақылық жойылып бара жатыр деп ойлайсыз ба?

 

3.Қазақ серілерінің  көпшілігі неліктен қыздарға ұқсап бара жатыр және оның ата-ана тәрбиесіне тікелей қатысыбар ма?

 

Жауаптары да тұщымды болды.Көз жүгіртіп көрейік...

         Наркез Ахат,студент:

 -Көпке топырақ шашпайын:бір бөлігі керемет,ұлтжанды,намысшыл келеді.Енді бір тобы елмен де,жермен де,дінмен де жұмысы жоқ.Қара бастың қамы деп:не үйленбейді,не қоймайды.Көзім көріп жүр.Енді бір тобы:дінінен,тілінен,қазақи рухтан,тарихынан мақрұм қалғандар.Бірақ бар ойы оқу оқу,ақша табу,бай болу...

Орысша тәрбиені  мектептен я болмаса отбасынан алған жігіттер қазақи рухтан мақрұм!Ал,қазақи тәрбие алған жастарда  қазақылықтың иісі аңқып тұрады деп айтпайымын...қазақша сөйлегенімен күй тыңдау,дәстүрлі ән тыңдау деген жоқ,қазақ туралы сөз қозғасаң  әңгімеңе құлақ түрмейді де.Ал орыс мінеді қазақ жігітінен ештене күтпеймін.Бірақ,Шымкенттің,Алматының жігіттері өте ұлтжанды,намысшыл келеді.Сосын Маңғыстау мен Қызылорданың ұлдарында қазақылықтың иісі аңқып тұрады.

 

Бәрі отбасы тәрбиесіне байланысты,балада кінә жоқ.Қалай сілтесең солай кетеді.Бар кәні ата анада!Сосын мына қоғамның өзгеруіне әсер етіп жатқан билік,БАҚ-тың да әсері бар!

Шынымен де,әр адамның өмірі өзі жүрген ортаға тікелей байланысты.Бәріне ата-ана кінәлі деп бар кінәні қымбат жандардың мойнына іле алмаймыз.Тәрбие дұрыс берілсе де,дұрыс қабылдамағандар қаншама?!Осындайда,халқымыз «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» демейші ма еді?!

Ахметова Ақерке,жас түлек:

  -Ұлдардың бойынан қазақылық жойылған деп көпке топырақ шашпаймын,қазақылық кез-келген ұлда бар.Алайда, жігіттердің 80%  қыз секілді.Себебі,қыздар сияқты киінеді,боянады,сырға тағады,мінездері де ұқсап бара жатыр. Шет елге,соның ішінде Кореяға көп еліктейді.

 

Иә,рас!Құлақ үйренген ащы шындық!Түсінбеймін.Еңсесін көкке керіп,тепсе темір үзетін тоқпақтай ер жігіттерімізге қыз сияқты қылмыңдап,Кореяға еліктеген мәртебе ме?Әлде,заман талабына сай үмір сүргендік пе?

Сәрсенбеков Нұрлан,жас түлек:

 -Қазақтың жігіттері-шымыр,батыл,шеттерінен сөзге шешен,нағыз серілер.Тағы бір айтатыны, қазақылық Оңтүстікте  жақсы сақталған.Ал,Кореяға еліктейтіндер-нағыз ақымақтар!

         Міне,ердің сөзі! Мен Нұрланмен толықтай келісемін!Сөздерінен ақыл тасыған Абайдан дана да туған,дара да  туған,сөйлесе сөздің шешені болатын  бала да туған.Кең байтақ елімізде көңілі кең,батыл да батыр  азаматтарымыз жетерлік.Шыныйы шындықты бүкпесіз баяндайтын,дініне-кәміл,тіліне –адал,еліне –нағыз жанашыр,отбасына-тірек  болатын  салмақты серілеріміз көлеңкені тасалап қалмаса болғаны.

Ешкімге де  қазақтың ұлттық киімін киіп,шапан жауып,басына тақия, қолына қамшы алып,ат үстінде  жүр деп қысым жасамаймыз.Дегенмен,тектілікті жоғалтпай,қайсарлығымен қазақтың рухын көтеріп жүрсе екен дейміз. Сіз қалай ойлайсыз,оқырман?Сіздіңше қазақ жастарының қоғамдағы алар орны қандай?Жігіттеріміз  кімге еліктеп,кімнен үлгі алуға тиіс?



Бөлісу: