Сағат 23:55 көрсетіп тұр. Туған күніме бес минут уақыт бар. Телефоныма қоңырау келіп бастап кетті. сағаты бес минут алда жүрген бұл кім болды екен деп экранға үңілсем құрбым Фариза қоңырау шалып жатыр екен. Балконға шығуымды өтініп тұр. Үйлері менің жатақханамнан қашықта, қазір түн жарым. Сенер-сенбесімді білмедім. Жалаң аяқ атып шықсам,
Мәә, шынымен ба ? Қазір аяқ киімімді киіп шығайыншы. Есік алдына шығуымды өтінді. Мен қазір... Бөлмемнің есігін аша бергенім сол еді, жатақханадағы өзім орынбасарлық қызмет ететін Студенттер кеңесі ұйымының мүшелерін көрдім. Олар көп, Қуанышымда шек жоқ. Құттықтауларын қабыл алдым да, "жайғасып отыра беріңдер, бір минутқа шығып келемін" деп, алып-ұшып төменгі қабатқа түстім. Жатақхана есігі сағат он бірден кейін тарс жабық. Бір минутқа рұқсат сұрап шықтым. Фариза, Қуандық, Гүлназ, Нұрлан есімді достарым келіп тұр екен. "Жоспарларымыз көп еді, бүгін күзет жұмысы қызу жүріп жатыр екен" деді. Гитарамен "Жан досым" әнін айтуға қайта-қайта дайындалғанын кейін білдім.
Сыйлықтарын қабыл алып, бөлмеме оралдым. Ұйымдастастарымның жүрек жарды ақ тілектері мен жылы лебіздерін тыңдадым.
Төменгі қабатқа плакат ілгендерін ескертті.
Күзеттің қахары оларға да тиіп, тез тарады.
Рахмет, СТУД.КЕҢЕС)))
Қонақтар кетіп, бөлмелестермен «өзіміз отырып» шай іштік))
«Тек оқып тастадым демеші, әрең таңдадық» деп «Әлем классикасынан» сыйлық ұсынды. Рахмет, Теңге, Алтын, Фариза.
Алланың бергені пайдалануға, адамның бергені мақтануға жақсы дейді. Мақтанып-мақтанып алайыншы. Бұл жатақханадағы жалғыз топтасымның сыйлығы. Рахмет, Әсел.
Таң ата салысымен, ояна салып күндегі әдетіме басып Массагеттетім. Әбіл Жұлдыздың маған арнаған құттықтау блогын көріп, мен де Айша, Мақпал әпкелерім сияқты туған күнімде массагетті шулататын болдым деп қуанып қалдым) Рахмет, Жұлдыз.
Бірақ кешке жазабалар арасынан таба алмай қалдым)))
Түстен кейін достарымның пәтеріне барып, шағын дастархан қамына кірістім. Кешке күткен қонақтарым келді.
Гауһар мен Сымбаттың сыйлығы. Ішінде Киндер шоколадтың түр-түрі көп болатын...))
Азат шағын кітапханамды тағы бір кітаппен толықтырды.
Отырыс өөөөте қызықты болды.
Кеш соңында өзіме сөз берілді:
- Мен сендерге бірдеңе айтайыншы. Осыдан екі үш күн бұрын түнде...
- Түс көрдің ба?
- Түс көрейін десем, ұйқтай алмадым. Сендерді ойладым. Сосын барлығың туралы ойларымды қағазға түсірдім.
Массагетім, сіздерге қызықты болады ма білмеймін. Бірақ, жазайыншы.
Гауһарым! Әлемдегі асылым менің! Сені танитыныма сегіз жыл. Ол кезде сені ең артқы партада Лаураның қасында отыратын қара қыз деп қана танитын едім. Лаура: «Гауһар қызғаншақ, өшіргіш сұрап едім, берген жоқ», - деп айтқанына менде сен туралы алғаш осындай пікір қалыптасты. Одан кейін жетінші сыныпқа көшкен кезімізде бірге сарафан тіктіріп жүріп, сені қалай жақсы көріп қалғанымды білмеймін. Әйтеуір Несібеліден, Назгүлден қатты қызғанғанымды білемін. Одан бері талай қызықты күндеріміз көп, қиын күндеріміз аз болып, бір елі ажырамай өмір сүрдік. Кинодағы құрбылардың сырласып отырып, бірге жылайтынына қызығып, «біз Гули екеуміз неге жылап сырласпаймыз?» деуші едім. Ол кезде жылатпаған Аллама мың шүкір. Алматыға келгенде алғаш рет барлық адамнан көңілім қалып, үнемі жанымда жүріп құрбы болатын бір Гауһардың көлеңкесіне татитын қыз табылмағанына жыладым. Ол кезде де арнайы өзіңді шақырып алып, иығыңа басымды қойып, тоқтай алмай еңкілдеп жыладым. Бұрынғыдай «Асханаға жалғыз өзім барамын ба?», «Сабақтан жалғыз өзім қайтамын ба?» «Онда мен де бармаймын сабаққа, Света жеңешеге айт, маған да справка жазып берсін», - деп бір-бірімізсіз еш жаққа аттап баспайтын күндеріміз оралмасқа өтіп кетсе де, қазір бір қалада, бір оқу орнындамыз. Қалаған уақытымызда жолығып, көрісе аламыз, оған да шүкір ! «Менің жігітім дәл сен сияқты болса екен», «Жігіт болсам қайтсем де сені сындырып алар едім» деп айта беріп, сені күлдіруші едім ғой, есіңде ма ? Осы теңеулерге лайық болғаның үшін сені бар жүрегіммен жақсы көремін!
Қуан! Мен сені алғаш көргенде «ішіп алып, жартылай қуып жүр едің»(агенттегі өз сөзің). 01.06.10. Ол кездерде агенттегі сандырақтаған әңгімелеріңе қарап, шынымен шариктері жетіспейтін жынды шығар деп ойлайтын едім. Сөйлесе, сырласа келе алтын белгіге ұсынылған дені дұрыс адам екеніңе көзім жетті. Көңіл күйім нашар болса, әр сөзіңмен жүзіме күлкі үйірдің. Алғашқы жылдары тек агентте сөйлестік қой. Сол кезде бірнәрсе айту үшін басқалар сияқты «қашан өзі жазады» деп күттірмей, кірген сәтте жазатынсың. Шағым айтсам да, мақтанғым келсе де кез-келген тақырыпта ұялмай, ашық айта аламын. Қандай мәселе болса да, саған айтсам оп-оңай шешілетіндей көрінетін, солай болатын да. «Орал, Орал» деп жүріп Алматыға оқуға түсіп кеттің. Берік достығымызды шақырымдар жеңуіне тағдырдың өзі жол бергісі келмеді деп жазғаныма әдебиленіп кетті деп жының келетін шығар )))) Кіп-кішкентай Бейнеуде жүріп бір-бірімзді айына-жылына бір рет көреміз. Алып Алматыда мүлдем көріспейтін шығармыз деп ойлайтын едім. Керек кезіңде ҮНЕМІ жанымнан табылып, күн құрғатпай келіп тұрып, бөтен қалада жалғызсырамауыма бірден-бір себепкер болғаныңа ризамын! Сені сондай жайлы мінезіңмен жаратқан алдымен Аллаға мың шүкір! Одан соң ата-анаң аман болсын. Соңғы кездері кейде маған аздап дауыс көтересің, жасың үлкейіп қалғасын шығар))) Бұрын ондайыңды көрмегенмін, үйрене алмаймын. Олай етпеші, дә?
Азат! «Екеуміз сегізінші сыныптан бері жан доспыз!» деп барлығына айтып жүресің. Сол кезден бері қолдаушым болғаның үшін, сыйластығың үшін жақсы көремін сені. Сол үшін кейде көрсетететін қызу қанды мінездеріңді де, ұрсқаныңды да көтеремін. Әрдайым сенімен біргемін. «Хабарласпайсыңдар. Мені ешкім іздемейді» дей берме. Бәрібір кемінде аптасына бір рет «Қайда, не істеп жүр екен? Хабарласу керек еді» деп ойлап жүремін. Өзің тілеген көркем мінездің шыңына жет!
Фариза! Сені бастауыш сыныптан, бала кезімнен бері білемін. Етене араласпайтын кезімізде-ақ тәрбиелі, қарапайым, күшті қыз екеніңді айналамдағыларға айтып жүретін едім. Туылған күнің Гауһарыммен бірдей болуы тегін емес. Екеуіңді көп ұқсатамын. Бірақ мінезің өзіме көбірек ұқсайды. Сондықтан сені өте жақсы түсінемін. Басыңа түскен болмашы қиындықтарды өз мәселемдей көріп, қайтсек дұрыс шешімін табамыз деп шынымен қатты ойланамын. Соған қарағанда сені де қатты жақсы көретін болып тұрмын ғой!
Гүлназ! Фаризаның тәп-тәтті қызы! Үшеуміз бір үйдің қыздары сияқты болып кеттік. Кез-келген қыздарға бұйыра бермейтін татулық. Құдайым көп көрмесін. Кішкентай қыз сияқты сүп-сүйкімді қылықтарыңмен сондай жақсы көремін сені!
Шерхан! Сені білетініме үш-төрт жыл болса да, жақын араласқанымызға екі-үш ай ғана болды. Бұрын Шерхан десе көзіме төбелестен басқа ойлағаныы жоқ есер бала елестейтін. Қазір ол ойымнан ұяламын да. Қуан пәтерде сенімен бірге тұратынын айтқанда, барлығымыз әзілдесіп, күліп отырсақ, сен жақтырмай қарап отыратын шығарсың деп ойласам, өзің әзіл айту мен күлудің хас шебері екенсің. Сабағыңнан қалмай, дәрісіңді өзіңнен басқа ешкімге жазғызбай, үйге тиіп тұрған магнумға дұрыс киініп баратын, өзіңе қарайтыныңды көріп мен ойлағаннан мүлде басқа адам екеніңе куә болдым. Сенен жасыратын неміз бар, бір құпияны ашып қояйыншы. Қыздар болып сыбырласып отырғанда: «Шерхан деген идеал ғо, идеал» деп айтып қойдық))) Көзіңнен жас шыққанша күлетін күлкіңнен айырмасын Құдайым !
Сымбат! Гауһарымды сенен ғана қызғанбаймын. Себебі өзімнің де құрбым болып кеттің. Гауһарға мені жоқтатпай, жалғызсыратпай жүргеніңе рахмет ! Сені жақсы көремін !
Суретте: Әсел, Гауһар, Сымбат, Нұрлан, Гүлназ, Қуандық, Фариза, Шерхан, Азат.
Ертесіне жатақханама келгенде есігіме ілулі тұрған Айгүлдің мынау сыйлығын көрдім.
Бааарлығына рахмет айтамын)))