Он насихат
жеке
блог
блог
Әрбір әйел білуі тиіс
Тұрмысқа шыққалы тұрған қызға анасының айтқан сөздері:
- Қанағатшыл бол. Тұрмысыңа шүкіршілік ет. Күйеуің үйге алып келген несібесін жылы шыраймен қабылда. Азық-түлік болсын, киім-кешек болсын, аз болсын, көп болсын Аллаға шүкіршілік айтып ал. Күйеуіңе алғыс айтып қоюды да ұмытпа. Өйткені, адам өзінің тұрмысына ризашылық танытқанда бақытты өмір сүреді. Өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігіне наразы болып, тек қана сәттілік уақыттарына ғана қуанатын адам жан тыныштығынан айыралыды.
- Өмірлік жолдасыңа бағын. Айтқан сөзін екі етпей орында. Тапсырған ісін тыңғылықты орындап, істеме деген шаруаға мүлдем жолама. Күйеуің сенің сөйлеп тыңдағаныңнан өзіне құрметпен қарайтығыңды сезінетін болсын. Осылайша етсең саған Алла риза болып, шаңырағың бақытқа толады.
- Үй тазалығына жіті мән бер. Үйдің іші мен ауласында күйеуіңнің көзіне жаман көрінетіндей зат жатпасын. Үйдің тазалығынан әйелдің ұқыпты екені аңғарылады. Ал, «төркіні жақын әйелдің төсегі жиылмайды» дегендей салақ әйелдің үйі де лас келеді.
- Жаман иістен сақтан. Үйдің ішін тек хош иіс шығып тұратындай таза тұт. Асханадан ашыған айранның, бала бөлмесінен сасық төсектің, кіреберіс аяқ-киім иісінен арылмайтын болса үйден береке қашады. Үйін салақ ұстайтын әйел күйеуінің құрметінен де айыралады.
- Тамақтану уақытына аса мұқият бол. Күйеуің үй босағасын аттап кірсе, лезде дастарқан жай. Дастарқан басында күттіріп қобшы болма. Өйткені, аш адам ашушаң және жүйкесі әлсіз келеді. Жалғасы бар...