Өң мен түстің арасында өткен күн

 

-Қайырлы түн! Тәтті түстер тілеймін.

-Қайырлы түн! Мені  сәресіге оятасың ғой иә?

-Иә, оятамын. Қашан оятпай қойдым? Немене айта бересің? Оятамын, алаңдамай ұйықтай бер.

 

Математика пәнінің мұғалімі Рымхан апай екеуміз биік шатырлы үйдің басында снайпермен бір нәрсені көздеп атып жатырмын, кенеттен сотка шырылдады, кейін жауап берермін деп баса салдым.

 

Оянып кетіп, соткамның сағатына қарасам сағат таңғы  07-05.

«Мәссаған, сәресіге ұйықтап қалыппын ғой». Жылдам соткамды алып қоңырау шалдым:

- Иә, мен де ұйықтап қалыппын, Алла өзі кешірсін.

Түсімде шырылдаған сотка өңімде де шырылдапты ғой.

Мен бүгінгі күні Алласыз сөйлемеу керек екенін тағы бір түсіндім. Көрдіңіз бе, қалай болғанын, күнде оянып жүрген менің бүгін сәресіге оянбай қалғанымды.

Бүгінгі күнге жоспарлаған біраз істерімді ерте оянып, ертерек ыңғайладым. Жақын күндері әріптестерімнің  мерекесі, соған дайындалдым. Құтықтау кешіне барғанда сыйлайтын. Қандай сыйлық дайындағаным әзірге жұмбақ бола тұрсын (себебі осында біраз әріптесім тіркелген).

Үйдің жанында Миша ағай  жаңадан үй тұрғызып жатыр. Көрші отырып көмек бермеу өте ыңғайсыз жағдай екен, содан апамыз екеуміз ақылдаса келе үй салып жатқан жұмысшыларға түскі ас апаруды жөн санадық. Көптен қолға ала алмай, біресе анау болып, біресе мынау болып қол тимей кеткен еді, сол істі бүгін атқардық (үйде жас келін жоқ болса осы ғой).  Көршіміз риза болып қалды.

 Жалпы басқа күндерден айырмашылықта өтті, өзімнің діні сауатымның аз екенін, дін жағынан көп нәрсені түсіне бермейтінімді түсіндім. Көп-көп ой жетегінде жүрдім, жұмыс жасап отырып көп ойландым. Болашақта бұл ол қылықтың орнын толтыруға өзіме уаде еттім. Бүгінгі күнімде анау айтқандай айтарлықтай қызықты оқиға болмады,қызықты оқиғаны мен ұйымдастырамын көбіне достарыма. Есіме түсіп жатса жазамын.

Дәл қазір ойымда тек қана Сен.

( Бейбіт Қорғанның орындауындағы «Қасымда бол» әні ойнап тұр.)

Ескерту: Барлық іс Алланың қолында ғой, менің бүгінгі күнімде Алланың қолында болды. Кезексөз шартына сәйкес келмей жатса айыпқа бұйырмаңыздар!

Кезексөз таяқшасын Санекаға ұсындым



Бөлісу: