Он жылдық еңбектің есебі

Бір сәтте бүкіл өмірім көз алдымнан өткендей болды...

Басынан бастайын, Алмас Кішкенбаевтың концертіне барамыз деп сіңлім екеуміз таксиге отырдық. 20 сағат ұйықтамағандықтан таксидің артқы орындығында отырып қалғып кеттіппін. Бір кезде қатты тарс еткен дыбыс естідім де, басымды алдыңғы орындыққа қатты соқтым. Басында түсінбей қалдым. Сөйтсем біз отырған таксиді бағдаршамда тұрған жерінен артынан келіп соғыпты... Негізі бесінші сыныпта сіңлім екеуміз жолдан өтіп бара жатқанда машина қаққаннан кейін қатты сескенетінмін көліктерден. Қасымда біреу болса қолын тас қып ұстап алам. Жалпы мен егер рөлге өзім отырмасам ештеңе болмайды деп ойлайды екенмін. Таксиде өзімді қауіпсіз сезінетінмін. Сөйтсееем...жарайды, оны есіме түсіргім келмейді...

Сонымен құрбыларым және сіңліммен концертке келдік. Он минутқа кешігіп кірдік. Енді кіріп келе жатқанда Алмас ағаның ән айтып жатқан дауысын естідім. Жарты тонға қателесіп айтып тұр әнді, бәрі қобалжығаннан болар дедім. Залға кірсек халық әлі абыр-сабыр. Жастар көп. "Менің өнеріме үлкен үлес қосқан адамдардың бірі ол - Ұлықпан Жолдасов. Осы залда ол кісі отырма, жоқ па білмеймін, бірақ, бүкіл халықтың алдында басымды иіп үлкен алғыс айтам...Жалпы менің хит әнім аз. Сол аз хитімнің біреуінің авторы осы Ұлықпан аға!" деп, көрерменнің көпшілігіне таныс "Жаным менің" әнін шырқады. Қайырмасын көрермен қосылып айтты:)

Абыр-сабыр басылып, әркім өз орнын тауып отырды.) Төрт-бес әннен кейін Алмас аға өзінің өнердегі артынан еріп келе жатқан інісі Серік Ибрагимовты шақырып, екеуі қосылып ән айтты. 

Серіктің дауысы әдемі, саксафонда да шебер ойнайды екен. Бәрінен бұрын бізге ұнағаны - оның биі! Халықтың көңілін көтерді:)

"Толғауды" орындап болған сәт

"V-Alem" тобы туралы бірер сөз сөйлеп сахнаға осы топты шақырды. Алмас ағамен бірігіп орындайтын "Кең дала" әні зал толы көрерменге ұнады деп ойлаймын. Билері керемет! Жанды дауыспен ән айтып тұрып би билеу екінің бірінің қолынан келмейді.

Артынан "V-Alem" өздерінің "Іздеймін сені" атты әндерін шырқады. "Кең дала" әнінен кейін екінші әнге бірден кіріп кете алмағаннан ба, әйтеуір шатасып қала берді. Бірақ, қайырмасынан бастап бәрін өте жақсы айтып шықты! (Осы топтағы Жалынды менің сіңлім жақсы көреді^_^)

"Classic" тобы жаңа құраммен "Атамекен" әнін айтты. Бұрынғы Классиктен артық болмаса кем емес!

Сахнаға қайта Алмас Кішкенбаев шығып өзінің халық көңілінен шығатын әндерін айтты. 

Бейнеклипінде Алмас аға жұбайы Мөлдірмен түскен "Алдайды" әнін орындағанда залға түсіп біреуге гүл берді. Мен оны Мөлдір жеңгеміз деп ұғыппын (жалғыз мен емес-ау). Ол Ерке Есмахан екен:)

"Мен қандай ән жаздырсам да ең бірінші анама естіртетінмін. Ал бұл әнімді көрермендер де, анам да естімеген. Анама деген сыйлығым! Мама-ау сіз үшін!" деп анасына басын иіп "Мама" деген әдемі әнін бастады.

 

Ортасында көңілі босап кей жолдарын айта алмай қалды. Көрермендердің барлығы қол соғып демеу көрсетті. 

Алмас ағаның ақ жаулықты анасы ұлына демеу көрсетіп сахнаға көтерілді. Зал толы көрермен тік тұрып қол соқты. Осы сәтте көрерменнің де көзіне жас алмағаны жоқ шығар.

Концерт соңын маған өте ұнайтын "Аялайын" әнімен аяқтады! ^_^

Концерт жүргізушісі болған Артур Төлепов өз міндетін жақсы атқарып шықты:)

100% жанды дауыс, "шоу свет", би, әдемі ән, бәрі-бәрі үйлестірілген концерттен көпке дейін көңілді жүретін заряд алдым! 




Бөлісу: