Он жеті...

Он жеті...
жеке
блог

үрмек сырын белгісіз білерін кім,

Дертке әйтеуір береді бір емін күн.)

Дидарыңнан айналдым бір сүйкімді

Дүрсілінен айналдым жүрегіңнің.


Ақ парақты тәрк еттім кәдем үшін:

Ақ қызға жолданатын сәлем үшін!

Ана мен әкесінің аяулысы

Арманының адалы – әдемісің!


Назыңды тыңдап дала, еркелетер,

Нұр саған көктем жырын шерте жетер!

Нөсерден соң жаңарған анааааау қырды

Нәзік күлкің тіптен де көркем етер.



Аққудың көгілдірі – еркемісің,

Айдынның аялап сыр шертерісің.

Ай сәулесі жағаға жазып қойған

Арман жайлы әлде сен ертегісің.



Гүл ме едің? Қай бұлақтан нәр алып ең?

Гүл ме едің, мекен еткен даланы кең?

Гүл ме едің әсем бақта, әлде өзі

Гуілдеп соққан желдің самалы ма ең?


Үкінің қанатының үлпіліндей

үлбірейсің! Қарайсың шын күлімдей.

Үздіксіз, талмай-тынбай қаға-тұғын

Үзілмейтін үміттің кірпігіндей!


ағыл мұңнан тағдыр сын үлестірді,

Лезделікке жеңілме, күрес, құрбым!)

Лебізімді түйіндеп үш будым да

Легіне ұшқан құстың ілестірдім!

                                 

                  Салтанат М

суреттер: deviantart.com