"Жарайсың!" дегім келді. Рас, айтам, көріп болдым да бір қуаныш кернеді кеудемді. Мейлі, кей тұстары фильмның көңілімнен шықпады, бірақ күлдірген де, жылатқан да, таң қалдырған да фильм болды бұл.
Сәкенді көп болмаса да, біраз уақыт жақын досым деп таныдым. Тағдырдың жазуымен араласпай кеттім, бірақ таза пейілі, ақ көңілі жүрегімде орын алғаны сөзсіз.
Қазақтың қарапайым ғана отбасынан шыққан қара домалақ баласы үшін қуанып отырмын!
Сюжеті My sassy girl кәріс фильмнен көшірілген, ынжық әкелер, орысша түсірілген, кесіліп, қырқылып тасталған әсер қалдыратын кадрлары деген секілді кем жақтарын айта отырып, ең алғашқы толықметражды фильмы болған соң, жас режиссерді аса көп жазғыруға қимаймын.
Сәттілік, Сәкен! Алла қолдасын!
З.Ы. Фильмді кішкентай сіңлілеріммен көрдім, себебі Сәкеннің фильмінде ұятсыз кадрлар болмайды деп сенгем, сенмім ақталды.)))
Барыңыздар, көріңіздер, бір қазақтың баласы үшін қуанып қалыңыздар))))
З.Ы.Ы. Сәкен сыйлаған бір жұмсақ ойыншық пен ашық хат әлі сақтаулы))))