"Он и она" фильмі

"Он и она" фильмі
жеке
блог

 

Ең алғаш бұл фильмнің атын естіген кезде еш мән бермеген едім. Бірақ бүгін осы фильмге шақыру алдым. Кино бойы жай отыратын шығармын деп ойлап едім. Жоқ, қателескен екенмін. Сезімнің жетегіне кетіп, бірде жылап, бірде күліп, кинодан шыққаннан кейін де романтикалық кейіпте жүрдім. Біртүрлі  бір жақсылық жасап, біреуді қуантқым келді. Фильмде Алматының көшелері, күзгі табиғат, қимастық, махаббат  керемет үйлесім тапқан. Басты рөлдегі актерлердің шынайылығы ерекше әсер етті. Тек бір өкініштісі орыс тілінде болғаны. Жалпы алғанда еліміздегі кино индустриясының комедиялық мелодрама жанрындағы бір  жаңалық болды. Өте қуаныштымын. Себебі әрдайым ең алғашқы көзқарас қате қалыптасады екен. Осы қателіктің себебінен тағдырдың берер сыйынан айырылып қалмаңыздар. Бұл киноға жасалған жарнама емес, тек осы фильмді көріп келген көрерменнің пікірі ғана.