Он бесінде қол бастаған батырлардың ұрпағы қайда?

Он бесінде қол бастаған батырлардың ұрпағы қайда?
жеке
блог

Дешті-Қыпшақ даласында тұяғына шаң ілеспейтін тұлпарлар мен батырлар арлы – берлі елдің берекесі мен ырызығы үшін  шауып,білектің күшімен, найзаның ұшымен жан берісті. Олар біздің –бабаларымыз. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбей, Наурызбай батыр, Ер Жәнібек сынды батырлардың жауға шапқандағы жастары небары 15-16 еді. Жауға шауа жүріп, «қатын жолда, бала белде» деген олардың тәмсілі бүгінгі көзбен, 15-16 жас арасындағы ұл баланың айтарына сай келмейді. Ал, сол тұтса олардың отау құрған жасы – 13. Қазақ он үш жас отау иесі деп қадап айтқан. Аңыз – әңгіменің майын тамыза айтатын қазақтың мифтік сарындағы шыны аралас дастандары мен тарихи туындылары жетіп артылады. Соның ішінде «Алпамыс батыр». Туа салып сағат санап, ай санап ержетіп кетеді. Дастандағы бейнесіне қарайтын болсақ, бейне бір тумасынан батыр атанатын бала секілді. Кейін келіп Дешті-Қыпшақ даласына жалғасқанда заман, біз айтқан батырлар дүниеге келіп жатты. Олар да сағат санап өспесе де, «Алпамыс» жырының легін жалғады. Ал, бүгінгі ұрпақ кейінгі Дешті – Қыпшақты есептемеген күннің өзінде бертінгі ғасырлардағы бабалар тұқымын жалғай алды ма?!

   ХХІ ғасыр технология мен нарықтың заманы. Әр заманның өзіне тән атауы болған секілді ме деп те тұжырым жасауға болады. Біздің ұрпақ осы технология заманында тыныстап жатыр. Бірақ, заман ғана ауысып жатқан жоқ, ғылым мен білім ғана өзгеріске ұшырап жатқан жоқ. Сонымен қатар, адам геніне әсер етер факторлар да болып жатыр.

 Ауаның ластануынан жыл сайын 2 миллиондай адам көз жұмады екен. Ауаға тарайтын түрлі зиянды қалдықтардың адам өкпесіне түсуі салдарынан қатерлі ісік пайда болып, жыл сайын 2 миллион 1 жүз мың адам көз жұмады. Тағы 470 мыңдай адам озон қабаттарының бұзылуынан астма ауруына шалдығып бақилық болып жатады.
"Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, табиғаттың былғануы адам денсаулығына ең үлкен қауіп туғызатын факторлардың бірі. Осы экология салдарынан өлетін адамдардың көпшілігі Шығыс және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің тұрғындары" дейді Солтүстік Каролина университетінің қызметкері Джэйсон Уэст. Егер осы бір айтылымға мән беріп қарайтын болсақ, ендеше біз өмір сүріп отырған қоғам тек ғылымның ғана емес сол ғылым ашқан жаңалықтың кесірінен тиіп жатқан « улы қоғам».

  Өзге елдің салты мен мәдениеті сияқты емес, қазақтың болмысы алдына бір бөлек. Сондықтан болар біздің апай төстер ұсақталып бара жатыр. «Қазақстан барысы» атанып жүрген қазақ күресінің додасы елдің түкпір-түкпіріндегі ежелгі қазақы тұқымның қаймақтарын жинап жатыр. Жалпы біз сол палуандардай ірі едік. Сондықтан, тұқымымыз ұсақталып кеттіп деп кейудің қажеті жоқ. Әлем болып жұтып жатқан ауаны бізде жұтып жатырмыз. Ал, оған не шара?!