Күнделікті өмірде уақытымыздың басым бөлігі компьютердің алдында өтетіні белгілі. Аз қимылдайтынымыз да бар. Сол үшін де арқамызға, омыртқамызға кері әсері тиеді. Өзімде мектепте оқып жүрген кезден-ақ сколиоз бар екені рас. Әлі де ара-тұра арқамның ауыратыны бар еді. Жақында мен Алматыда 2017 жылдың мамырында ашылған жапондық клиникаға қаралдым. Бұл жерде тек жаңа медициналық құрылғылар пайдаланылады. Физиотерапиялық емге арналған үш аппарат Жапониядан арнайы әкелінген екен. IREI Medical клиникасының бас дәрігері Такеши Ирей мырзаның қабылдауында болып, физикалық терапияны өттім. Үлкен тәжірибесі бар ортопед дәрігер менің бойымда аса қауіпті дерттің жоқ екенін айтып, физикалық жаттығуларды жасауға, йогамен айналысуға кеңес берді.
Ортопедия саласындағы мамандандырылған клиника, хирургиялық араласуға жол бермей, ауырсынуды алдын алу, жеңілдету және толық жою үшін бар күшін жұмсайды. Көпшілік білетіндей, Жапонияда зерттеу әдістері өте ілгері алға дамып кеткен, сондықтан біздің клиникада жапон тәсілдерінің арқасында ауырсынудың түбірлік себептерін дәл анықтауға болады. Жапон дәрігерлері сауығудың инновациялық әдістерін ұсынады. Аурудың асқынуы және қайта пайда болу қауіпі өте жоғары болғандықтан, науқастарға дұрыс тамақтану мен алдын ала ем жаттығуларын жасауды ұсынады.
Өз басым Такеши Ирей мырза мен клиниканың барлық мамандарына үлкен алғыс айтамын. Арқамның ауыратыны қойып, өзімді жақсы сезіне бастадым. Айта кететін жайт, клиникада емделу бағасы қол жетімді. Өз басым қаралып, жақсы болған соң, өзгелерге де осы клиникаға қаралуға кеңес беремін.