Омыртқаның обалы.

Омыртқаның обалы.
жеке
блог

Неге екенін қайдам, үлкен сөмкелерді жаным сүйеді. Қыс болсын, жаз болсын сөмке таңдағанда неғұрлым көлемдірегі көзіме  ілінеді. Әбден дағдыланып алғанмын. Содан болар, шағын сөмке ұстасам, бір жерге ұмытып кететіндей  боламын да тұрамын. Мазам кетеді. Әрі ол «бар болғырдың» ішіне  ұялы телефоннан өзге ештеңе де сыймайды емес пе? Тек телефонға бола сөмке ұстау деген… Меніңше, дұрыс емес!

Ал, менің сөмкелерім рахат! Ішінде адамның басынан басқаның бәрі бар. Телефон, кілт, опа-далап, әтір өз алдына,  құрбымның біздің үйде ұмытып қалдырып кеткен құжаттары да жүр. Біз көшеде кездесіп қалуымыз әбден мүмкін ғой. Одан қалды оқып бітірмеген журналдарымды да салып алыппын. Алда-жалда бір жерде кезек күтіп қалған жағдайда керек емес пе? 1 бөтелке газдалмаған «Тассай». Күн сұмдық ыстық қой...

Не басыңызды қатырайын? Қойма! Кәдімгі кішігірім қойма! Бейшара, омыртқам-ай-деп ойладым  мен. Обал-ай! «Бұл жаман әдеттен арылу керек!» Әдетімнің  қаншалықты «жаман» екеніне көз жеткізу үшін  кеше қол сөмкемді өлшеп көргем. Тұп тура 3,5 келі. Тас тасып жүргендеймін. Бірақ, ішінде артық ештеңе де жоқ сияқты...