Өміріңізді өзгертетін 5 "мини әдет"

Өміріңізді өзгертетін 5 "мини әдет"
жеке
блог

Әдеттер сіздің жетістіктеріңіздің фундаменті де, кедергісі де бола алады. Үлкен жетістіктерге жетуді мақсат етсеңіз, дұрыс әдеттерді тандаңыз. 

1. Күніңізді жымиюмен бастаңыз

Тісіңізді тазалаған бойда, айнага қарап жымиыңыз. Тіпті сылтау таба алмасаңыз да, 10 секунд бойына жузіңізден жымиюыңыз кетпесің. Бұл жаттығу күніңіздің көнілдірек өтуіне кепілдік.

2. Серуендеңіз

Фейсбук немесу Уотсаппты қайта-қайта тексеретініңізді байқай бастадыңыз ба? Лаптопыңыз бен телефоныңызды шетке ысырып, қалаған бағытта қысқа серуендеуге шығыңыз. Серуендеу ойды жинақтап, миды тынықтыруға көмектеседі.


3. Тиімді жоспар құрыңыз

Жұмыс істеуді бастар алдында, есіңізге сізге бүгін атқарылуы керек ЕКІ тапсырманы түсіріңіз (тек екі, одан көп емес). Түскі ас уақытында есіңізге қайтадан салыңыз. Бұлайша маныздырақ тапсырмаларды аяқтап үлгеруіңіздің ықтималдылығы артады.

4.Ұйқыдан ерте тұрыңыз

Жатар алдында, өз өзіңізге "мен ертең сағат  _:_  оянамын" деп айтыңыз. Уақыт өте келе, өзіңізді қонырау сағатсыз-ақ оянуыңызбен таң қалдырасыз. Әлі де ұйқыбас болып журсіз бе? Телефоныңызды алыстау жерге қойып ұйықтаңыз, сонда қоңырауды өшіру үшін міндетті түрде орныңыздан тұрып сәл жүруге тура келеді.

5. Жаңа нәрселер жасаңыз

Күніне кем болғанда бір жаңа нәрсе жасап көріңіз - жұмысыңызға жаңа жолмен бару, немесе танымаған тұлғамен сұхбаттасу болсың, әйтеуір бұрын-сонды істемеген бір әрекет істеңіз. Әуестігіңізді кунделікті өмірдің монотондығымен өшіріп алмаңыз.