Өміріңді өзгерткің келсе...

 Кітап деген дүниенің құнды екенін мен де білетінмін. Бірақ оны қолыма алып, шынымен де пайдасының тиетінін 2 жылдай бұрын ғана көрдім. Нақтырақ айтсам, мектеп кезінде мұғалімдердің айтқан не оқытатын кітаптары маған мүлде ұнамайтын. Көбіне мектеп бағдарламасында берілген қазақ не орыс жазушыларының жас баларларға түсінуіне қиынырақ келетін кітаптарды беретіні таңқалдыратын. Әлде мен ғана ма екен солай ойлайтын?! Жалпы бір сөзбен айтсам, түбінде көбісі қайғылы бітетіні ұнамағандықтан да оқымадым. Бәлкім қазағымның қиын кездерді параққа ішіндегісінің бәрін түсіру арқылы жеңгісі келгендіктен шығар көп жазбалардың қайғылы аяқталатыны... Әрине барлығы демеймін, тек менің мектепте оқыған кезімдегі бағдарламадағы әбеди кітаптар. 

 Бұл құнды қазынаны өзіме дос қылуды өзге қалаға оқуға барғанымда бастадым. Жаңа орта, жаңа адамдар, өзге ұлт өкілдері көп және де барлығы бірімен бірі сыйластықта. Менің де өзгеше ойлайтын, нақтырақ айтсам, өз ойларын жасырмай айтатын, мінезі ашық жандардың арасында жүргім келетінімді байқап, жолдарын іздестіре бастадым. Ең қарапайым жол- олардың деңгейінде ойлау үшін миың толған білім болу керек екен. Бұл тек басы ғана... Көзің ғана ашылып қоймай, айналаңдағы қарапайым, күнделікті дүниеге мүлдем басқаша оймен қарайтын бола бастайсың. Шыны керек айта берсем, қандай кітаптар екеніне жете алмайтын сияқтымын. Сондықтан кеттік...

 1) Робин Шарма- "Монаx, который продал свой феррари". Ооо бұл кітапты білмейтін адамдар жоқ шығар. Алайда оны оқып, ішіндегі нұсқауларды орындағандар әлдеқайда аз екені белгілі. Мен де орындадым деп жар салмаймын. Бұл кітап тек менің көзімді ашты. Бастапқы уақытқа, көп нәрсені түсіну үшін ең алдымен осы кітапты оқуды ұсынар едім. Әлемде 7 млрд адам болса, барлығына арналған бірегей өмір принципі болуы мүмкін емес. Сондықтан тағы да бір еске салсам: ішіндегі принциптер тек авторға және сонымен бір ойлы адамдарға көмек берген. Сол үшін өзіңізге керегін таңдап, сәл ғана алдағы қызықтарға көзіңізді ашып алуға болады.

 2) Наполеон Хилл- " Закон успеxа". Наполеонды бастап айтсам, бәрі оның "Думай и богатей" кітабын айтып шығатыны бар. Иә, ол да ең құнды кітаптардың бірі. Тіпті сатылған тиражы да бірінші жазылған кітабынан асып түскен. Алайда ол кітап алдына нақты мақсатын қойып, өзінің кім екенін білетін және нақты қанша ақша тапқысы келетінін білетін адамдарға арналған. Менің ұсынып отырған кітабым- сәл басқаша. Онда сіз көптеген сұрақтарыңызға жауап ала аласыз, мен сияқты) Тек әр қайталап оқыған сайын, сіз ол кітаптан жаңа идеялар ала бастайсыз. Бастапқыда оны түсіну қиын, мен өзім 4 айдың ішінде ( иә,иә бақандай 4 ай) оқып қана басыма зорға кірді. Кейін қалай қолымнан түспей, қасымдағы дос-көмекшіме айналғанын өзім де білмей қалдым... Егер шынымен ішіндегі жазылған 25 жыл еңбекке сенімсіздікпен қарайтын болсаңыз, дайындық үшін жоғарыда жазған "Монаx"- ты бірінші оқуға кеңес беремін.

 Наполеон туралы бір ауыз сөз: ол кісі менің кумирім ретінде өмірге көзқарасымды өзгертті. 1970-ші жылы өмірден өткен адам қалай кумир болады деп ойлайтын шығарсыз!? Алайда мұның барлығы кітаптың арқасы... Сонымен қатар ол- ең алғашқы "саморазвитие, самопомощ" идеясын ойлап тапқан адам. Оның барлық зерттеулерінің қысқаша нұсқасы мына сілтемедегі видеода: https://youtu.be/JnvhkHG5lLA 

3) Джон Кеxо- "Подсознание может все". Бұл кітап өте аз беттен тұрады. Ішінде барлығы қысқа да нұсқа жазылған. Алайда оған сену үшін, сонымен қатар сеніммен орындау үшін алдыңғы екі кітатан өту керек. Бұл әрине тек менің ойым және тек маған көмектескен жол. Оқырмандар арасында тез алғыр жандардың бары белгілі. Сондықтан өзіңізге және жалпы адамның қолына берген күшке сеніміңіз мол болса, ойланбай-ақ осы кітапты оқыңыз.

 4) Оқырмандарымның арасында жоғарыдағы жанрларды ұнатпайтындар да болар. Мені де кейде тек осындай ғылыми-псиxологиялық еңбектер шаршатып жібергенде, жай ғана өмірден алынған, автордың басынан өткен жақсы оқиғаларды оқығым келетін кездер болады. Сондай бір қызық та, қиын кітап- Г.Д.Робертстің "Шантарам" еңбегі. Тұңғиықтың түбінде жүректегі маxаббат арқылы жарыққа шыққан адам жайлы. Тек бастасаңыз болды...

 Мінекей, жалпы маған ойымды, қабылдауымды, 90% өмірлік көзқарасымды өзгертуге көмектескен алтын кітаптарым. Сізге көмегі тисе, мен тек қуанамын. 

 Ал сізде, өзіңізге қатты ұнайтын немесе бөліскіңіз келетін кітабыңыз бар ма?! Астына жазып қалдырсаңыз болады. Мүмкін маған да ұнап қалар...



Бөлісу: