Өмірімнің мезгілі
блог
Массагеттік достар, төменде Сесилия Ахерннің «Өмірімнің мезгілі» («Время моей жизни») кітабынан үзінді келтіріп, өз әсеріммен бөліскім келді.
«Құрметті Люси Силчестер
Кездесу 2011 жылдың 30 мамырына қойылды.
Ары қарай оқымадым. Мен кімнен екенін біліп тұрдым.»
«Хат күйген жерде жатты. Анық түрде менің есімім жазылған, ал жанында бір біріне жалғанған үш спираль өрнектелген тығыз конверт. Өмірдің үш спиралі. Үздіксіздік кезеңінің белгісі: өмір-өлім-жаңа өмір. Мен осындай екі хат алып үлгердім. Сондықтан бұл белгінің мағынасын интренеттен оқып алғанмын. Екі хатқа да мән бермедім.»
«Құрметті Люси Силчестер
Кездесу 2011 жылдың 30 мамырына қойылды.
Құрметпен Өмір.
Өмір. Иә, әрине. Менің өмірім менімен кездескісі келеді.»
«Бұл жолы шақыруды қабылдауға мәжбүрмін. Құтыла алмаймын.»
«Мен бұрын тамақ дайындайтынмын. Күнде десек те болады. Немесе менің жігітім дайындайтын. Біз демалыс күндері үйде отырмайтынбыз. Тауға шығатынбыз. Жазда бұрын мен естімеген елдерге баратынбыз. Екі рет парашюттан секірдік. Ол мінсіз болатын.
Сосын ол өліп қалды.
Қалжыңдаймын. Ол - тірі, дені сау. Білемін, олай қалжыңдауға болмайды. Бірақ маған күлкілі. Ол – тірі, бұрынғыдай мінсіз.
Бірақ мен одан кетіп қалдым.»
«Қазір оның өзінің бағдарламасы бар. Әркез бағдарламаны аяқтарда камераға тіке қарап, былай дейді: Осы жерде біз бірге болсақ жақсы болар еді! Бұл бағдарламаның ұраны. Ол бұл сөздерді маған арналғандығын айтты. Ол менің қайтып оралғанымды қалады.»
«Мен жұмыстан шығып кетіп, жалақысы екі есе аз жұмысқа орналастым. Бұрынғы үйімнен төрт есе кіші студияны жалға алдым. Мысық тауып алдым. Ата-анама сылтау таба алмайтын жағдайда ғана барамын. Достарыма Блейкпен кездесіп қалуым мүмкін емес кездерде ғана барамын.
Бұрынға жұмысымды ойлап уайымдамаймын. Ақша жағынан қиналғанда ғана ойлаймын. Саяхаттауды сағынбаймын. Біздің кездесулерді де сағынбаймын.
Мен бақытсыз емеспін.
Жоқ.
Жарайды, мен алдадым.
Ол меннен кетіп қалған.»
«- Сонымен, сізге қалай көмектесе аламын?
- Мен сізге өткен аптада хабарластым. Менің есімім Люси Силчестер. Мен Өмірмен кездесуге келдім. – дедім де күліп жібердім.»
«- Лифтке отырып, оныншы қабатқа көтеріліңіз. Оңға жүресіз, содан соң солға бұрылыңыз.
- Ол қандай?
- Уайымдамаңыз. Сіз қорқып тұрған жоқсыз ба?
- Жоқ, -қолымды сілтеп, - неден қорқамын?- дедім де тағы да күлдім.»
«Кенеттен мен оны көрдім. Менің Өмірім. Үш спиралі бар қыртыс сұр түсті костюм, сұр жиде және сұр галстук тағып алған. Көздері қызарып, асты қарайып кеткен. Бірнеше жыл ұйықтамаған секілді көрінді.»
«- Сен сондай бақытсызсың ба?
Ол басын изеді.
- Бірақ не үшін сенде бәрі сонша нашар. Түсінбеймін. Менде бәрі жақсы ғой.
- Сенде ештеңе де жақсы емес.»
«- Қазіргі заманда барлығы күнделікті әрекетке айналған. Ауырып қалсаң дәрігерге барасың, ол саған дәрілер жазып береді. Күйзелісте болсаң, психологқа барасың. Ақ шаш пайда болса, шаштаразға барасың, ол бояп береді. Бірақ өмірде қателіктер, сәтсіздіктер болады, алайда ары қарай өмір жалғасады. Дұрыс па? Сенің өміріңде не болып жатқанын білу үшін суретке түсіріп алу мүмкін емес. Бірақ міне, мен алдыңда тұрмын. Мен сенің басқа бөлігіңмін. Сенің өміріңнің рентгендік сәулесімін. Сенің айнаңдағы бейнеңмін. Мен саған қалай қиналатыныңды көрсетемін. Оның бәрі менде бейнеленген. Түсінікті ме?
- Бірақ саған қатысты әділетсіз ғой.
- Тағдырым сондай. Сен қаншалықты өзіңді жақсы сезінсең, өмір сүрсең, менің де соншалықты денім сау болады.
- Яғни, сенің бақытты болуың менімен байланысты ма?
- «Екеумізге» деп айтқан дұрыс болар.»
Жоғарыда сіздерге кітап не туралы екенін білу үшін жазылған қысқаша үзінділер болатын. Жалғасын кітаптан оқуға кеңес беремін. Комедия жанрында жазылған, күліп отырып, енді не болатынын білгіңіз келеді. Және де астарында үлкен мағына жатыр. Өмірде қандай қиыншылық болмасын, тоқтап қалмай, ары қарай өмір сүру керектігін түсіндіреді. Люси атты бас кейіпкер бір рет өтірік айтып бастап, үйреншікті әдетіне айналып кеткенін байқамай қалады. Сол өтіріктердің кесірінен ата-анасынан, бауырларынан және достарынан алшақтап кетеді.