Өміріме өзгеріс... Керек пе?
блог
10 сыныптың кезі. Менің нақты қалауым - журналистика деп жүрген кезім. Ол кездегі ойым мен түсінігім, мақсатым мен мүддем мүлдем өзгеше болатын. Әрі өмірге деген көзқарас та өзге-етін. Жаңадан ФБ-ға тіркеліп, не екенінен онша хабарым болмаса да, қалаға барғанда өзімше көрген-білгенімді компьютер бетіне түсіретінмін. Сол кезде маған : "Сен әлі талай өзгересің" десе, балалыққа салып, мен әрдайым бірқалыпты боламын деп те айтар ма едім, кім білсін? Мінее, сол уақыттан бері өткені бар-жоғы 2 жыл. Қарап тұрсаңыз, дым да емес. Бірақ, мен сол кезде қандай едім, қазір қандаймын? Кейде күлкім де келеді. Мүмкін, мен ой түйе бастап келе жатырған шығармын, әлде еріншек боп барамын ба? Құдай білсін. Көп нәрсеге құлқыным жоқ. Баяғыдай не болса да Жадыра қалмайды деген сөз азайған. Шынымды айтайын, қызығушылық болмаса, бәрі бекер. Кейде таң қаламын кей қатарластарыма. Менің сол бір 10 сыныптағы түсінігім мен көзқарасымды ұстанып алған. Отырғызып алып, түсіндіргім-ақ кеп кетеді. Әттең, дұрыс қабылдай алмайды. Немесе, жәй ғана сынағаным үшін ренжіп қалады. Тым алға шығып, ойым озып кетпесе де, көбінен ілгері екенімді білемін. Бәлкім, мендегі менмендік не өзімшілдік деп түінер. Бірақ, мен реалист жанды қадірлеймін. Сондықтан, осы көзқарастамын. Қызық-ай, енді 2 жылдан кейін осы жазбама да күліп отырармын. Қайдан білейін?
Менің қатысуымсыз-ақ күн сайын өміріме жаңа өзгеріс туындайды. Жаңа мінез, жаңа қылық, жаңа ерекшелік (негатив болсын, позитив болсын). Миым жетпей жүрген нәрсе көп. Біріне ұнасам, біріне ұнамаймын. Бірі үлгі етсе, бірі артқа тартады. Кейде ойлаймын, менің өмірім соншалықты қызық болғаны ма қызу талқыға түсетіндей деп)) Не де олса, ғұмыр - өлшеулі. Жасарымды жасап қалсам болғаны, ал асарымды әлі бағамдай қоймадым. Менің дәл қазір білгім келетіні: Өміріме өзгеріс... Керек пе, жоқ па?