Өзгеру туралы ой біраздан ойландырып жүрген. Адам не істеймін, қалай өмір сүремін десе де өз қолында! Өзгеру - көп жұмысты талап етпейді, өзгеру - ерік пен жігерді, қайсарлықты талап етеді! Бүгін айдың не аптаның басы емес, ия, ия айдың да, аптаның да соңы, көп ісімді әр айдың 1-іне жоспарлап жүретін едім. Бұл өзгерісті қалауым ешқандай алғашқы күнді керек етіп тұрған жоқ... Сонымен, "МЕН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕМ?"
Ұйқы режимін қалыпқа түсірем. Ұйқыны қалай реттеуге болады? Уақытылы ұйықтауыма кедергі болатын жағдайларды анықтауым керек, күндіз бітіре алмаған шарулар, әлеуметтік желілер, ғаламтордағы пайдасыз өткен уақыттар, телефонмен ұзақ сөйлесу... тағысын тағы. Тамақтану режимі. Таңертеңгі асты ішпестен сабаққа кету (бұл дұрыс емес, таңғы асты ішпеу жүрек дертінің қаупін арттырады), түскі ас - алма не чипсы, самса жей салу, кешкі ас - күн сайын ұн мен тәттіге бай тағамдарды жеу. Байқап отырсам менің тамақтану салтым мүлдем дұрыс емес... Әлеуметтік желілер. Күні бойы компьютерге үңілу; 1. денсаулыққа зиян. 2. уақытымды өлтіреді. 3. пайдасыз! Киім. Мен міндетті түрде сабаққа классикалық үлгідегі киіммен баруым шарт! Жооооқ, бұл ойдан арылу керек. Дербес киінуді қалаймын, бұл мектеп емес! Қарым-қатынас. Адамдармен сөйлескенде соған ыңғайлы жағын ойлау, көңіліне келмесін деп маған тіптен қажеті жоқ, қызықсыз әңгімесін тыңдау, өзімді одан төмен санап тұру... Маған не керек осындай байланыс? Сырғып жатқан уақытымды бос әңгімемен өткізуді доғаруым керек! Тек өзіме ыңғайлысын жасау!Бес пункт! Жаман емес деп ойлаймын. Блог жүргізуді көптен ойлап жүргем. Ойым іске асты. Сәттілік!