Өмір,қымбаттым менің..

Аяңдап бара жатырмын.Екі аяқта қуат бар кезде шамам мына Әлемнің қатыгез тұстарын шарлап шығуға жетететінін сезгенде өмір сүріп жүгеніме өкінемін.Бақытты болу үшін бақытсыздықты түсіну керек,қателіктерден бойды аулақ салып жаңадан жарқын өмір бастау үшін күресу керек,бірақ мендегі күш жетер емес.Сарқылмас адам ойының деңгейі өскен сайын қоғамдағы рөлі өзгере түседі.Мұны не үшін айтып тұрғанымды өзім де білмеймін,ойымда тұрған дүниелер жан-жаққа шашырап бірігер емес.Тек бір ой маза таптырмайды,не үшін,кім үшін өмір сүріп жүрмін,баянсыз болашақтан күткен үмітте сөніп барады,өмірдің ағысына төтеп беруге шыңдалған шыдам да қарсы тұрар емес.Өмір,қымбаттым менің!Бағаланбаған уақытымның есебін беретін күн туғанда нендей есеп айтамын,сылтау бар ма?



Бөлісу: