Өмірге ұдайы оң көзқараспен қарау керек

Өмірге ұдайы оң көзқараспен қарау керек
жеке
блог


Аурухананың бөлмесінде үш адам төсек тартып жатқан екен. Ауруханаға бірінші болып түскен адам терезенің қасына жатқызылып, екінші болып түскен – ортаға, соңғысы болса – есік жаққа жатқызылатын болған. Ортада жатқан кісі оптимист екен. Содан ұдайы бөлмедегі басқа науқастардың көңіл күйін көтергісі келіп қызықты әңгіме мен әзілдерді айтатын еді. Бір күні терезе жақтағы науқас қайтыс болады. Оның орнына оптимист кісі жатқызылып, бөлмелеріне қосымша жаңа адам жатқызылады. Терезе жаққа көшкен кісі енді терезеден көргендерін айтатын болды. Күнде жаңа нәрсе көріп, басқа науқастармен бөлісетін. Жол үстіндегі бақшаны, үлкен шынар ағаштарды, жұмысқа асығып кетіп бара жатқан адамдарды, құстардың сайрауын, бүлдіршіндердің атыспақтары мен қарсы жоталардағы гүлдердің әсемділігін көркемдеп әңгімелейтін. Төсек тартып жатқан басқа науқастар әңгімелерін тындап, достары көрген нәрселерді көз алдында елестетуге тырысатын. Көп ұзамай оптимисттің әңгімелері арқасында аурухана бөлмесіндегі аурулардың көңіл күйлері жаманнан жақсыға аусып, өмірі бітпейтін болып көрінген уақыт та қызықты өте бастайды.

Әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, көреалмаушылықпен жатқан ортадағы науқас "терезе қасында жатқанға бірнәрсе болып, ол жаққа мен жатқызылсам" деген ойлар басынан кетпейді

Көп ұзамай оптимист науқас ауруын көтере алмай қайтыс болады. Оның орнына көптен бергі тілегі орындалып ортада жатқан науқас жатқызылады. Ол аса сабырсыздықпен әлгі қайтыс болған науқастың айтқандарын көргісі келіп сыртқа көз тастайды...Ал терезенің ар жағында қап-қара дуалдан басқа ештеңе жоқ болатын...

Пы/сы: Әңгіме кішкене түсініксіздеу болғанымен, негізгі ойды түсінуге болады))))