Таң атып,кеш батып ,жарқыраған жарық күнді қою ала бұлт торлап әлеміміз күн мен түнге ауысып отырады.Осы жарық дүниеде бәрімізге күніне 24 сағат беріледі екен.Түнгі ой ғой.Бәрін саралап,ойлап,өз-өзіне есеп беріп жатқан жүректің ішіндегі дыбыссыз ойлар.Оны ешкім естімейді,тек өзі ғана біледі.Тіпті кейде ұрсып та,ренжіп те алады.Ал мен оған өкпелей алмаймын!Себебі,ол менің жүрегім!Ол әрқашан дұрыс жолды ғана көрсетеді.
Өмірде кездейсоқ таныс емес адамға жақсылық жасап,алғысын алып,алға қойған мақсатың орындалса мақтанышпен жаныңдағыларға айтуға асығып бақытты сезімге бөленесің.Түнгі ұйқыңда тыныш,ертеңгі күнге деген жоспарда тамаша,керемет көңіл-күйде оянасың.Ал кейде,өз өмірімізге өкпелеп жатамыз.Мұңды әуен тыңдап,дәл сол әнді тағдырымызбен байланыстырамыз.Көңіл-күй жоқ,айналаңдағы адамдармен де тілдескің келмей,жаның жалғыздықты қалап тұрғандай күйге енесің.Бәрі өткінші,бірақ кейбірі ұмытылмастай есте сақталып қалады.Бәріне өзіңді жазғырып,кінәні өзіңнен іздейсің.Дәл сол уақытта,минуттар тоқтап,өтпестей болып көрінеді.
Өмір-сынақ.Алайда,соны біле тұра жамандық жасауға,өтірік сөз таратуға,жала жабуға дайын тұратын пенделердің бары қандай өкінішті?!Қазір,шыны керек ,өмір сүрудің өзі қорқынышты тәрізді.Ұрлап кету,соғып кету дегенді кинодан ғана көруші едік,енді шынайы өмірден де көретін болдық.Ойыма келген бір нәрсені айтайын,осы кейбір адамдар теледидардан көрген теріс әрекеттердің жаман жағынан үлгі алатындай.
Бес күн жалғанда бір-бірімізге зиян тигізбей,жақсылық жасап ,мейірімді болсақ,өміріміз одан да керемет болар еді.