Өмірдің өзі үйретер.

Өмірдің өзі үйретер.
жеке
блог

   Адам баласы ештеңені біліп тумайды. Өмір сүре келе, айналасын көре отырып дамиды. Өмірге келгенде қой мінезді жуас болуы да мүмкін. Алайда маңдайына жазылған тағдыры қатал болса, пысыйды, пысықтыққа қалыптасады, жылдамдық пен жауаптылыққа өзі-ақ икемделеді. Неге десеңіз айналасы, таңдап алған жолы солай қалыптасуға ықпал етеді. Мысалы мен білетін бір қыз бар. Жас кезінде мүлде "қой аузынан шөп алмас" жуас болатын, бір он жылдан кейін көрсем мінезі мүлде өзгерген. Қатал, кез келген жерге араласып кететін, пысық жан болыпты.

  Ал алдыңғы мысалыма қайшы келетін, бұзық, бір орнында тұра алмайтын, ешкімді менсіне бермейтін адамда болады. Оны да өмір өз орнына қояды екен. Ешкімді көрмей өзімшіл болған жанды Алла орнына келтіру үшін, қолындағы барынан біртіндеп айыра отырып есін кіргізеді екен.

  Баласының келешегіне уайымдайтын ата-аналар ұлы мен қызына тек дұрыс жол сілтеп отырса болғаны. Өмірдің өзі адам үшін - үлкен мектеп!