Өмірдің өзі сынақтан ғана жаралған.
блог
Өмірдің өзі сынақтан ғана жаралған.
Алла деп қана шүкірлік етсең өмірде,
Жақсылық нұры құйылар әркез көңілге.
Баянды ғұмыр кешуге тырыс әрқашан,
Себебі, енді келмейсің қайта өмірге.
Шуақты болсын,арайлап атар таңыңда,
Жақсылар жүрсін ақылын айтып жаныңда.
Жастық-ай шіркін бір сәтке болсын келмейді,
Ойнада күл жалынды жастық шағыңда.
Спортпен өнер серігің болсын жалғанда,
Көмектес ылғи көмекке зәру жандарға.
Бәрінен бұрын сыйлай біл ата-анаңды,
Олардан асқан әлемде мынау жан барма.
Ұлтыңның ұлы арманы болсын мақсатың,
Тарихта қалсын өшпестей болып жақсы атың.
Қуанышпенен күлкіге толтыр күніңді,
Берілме бірақ жаңбырдай аққан жасқа тым.
Сөзіңде таза,таза бір болсын арыңда,
Себебі сенің қазақы рух бар қаныңда.
Өмірдің өзі сынақтан ғана жаралған,
Қиындық көрсең бас иіп оған бағынба.
Туысқан деген жаныңның тағы бөлшегі,
Бағала досты сен үшін олда өлшеулі.
Сыйлай біл әркез қыздарды мәңгі ана деп,
Күтеді сонда жұмақтан ғана төр сені.