Біз өмірге не үшін келеміз? Дәл осылай соңғы рет қашан ойландыңыз? Есіңізде жоқ па? Ендеше, сіз де менімен бірге бір сәт ойланып көріңізші.
Сәби болып дүниеге шыр етіп келеміз.
Бала-бақша, одан мектепте 11 жыл оқимыз.
Мектепті бітіріп жоғары оқу орнына түсеміз.
Білім аламыз, ізденеміз, оқимыз. Қарнымыз аш қалмас үшін жұмыс істейміз. Жұрттан қалмай жанталасып бағамыз. Қарнымызды тойдыру үшін басымызды тауға да ұрамыз, тасқа да соғамыз.
Артымызға қарап көрейікші, өміріміздің жартысы өтіп кетіпті. Сонда біз бір қарынның қамы үшін 11 жыл мектепте, 5 жыл универде оқыдық па? Сол бір тамақты табу үшін қанша рет табанымыздан тоздық, сол бір қарынның қамы үшін кімдерді ренжітпедік, кімдерді жамандамадық, бәрі де сол қу құлқынның қамы.
Бір тамақ үшін ба сонда? Біз неге өмір сүру үшін тамақ ішпейміз? Керісінше тамақ ішу үшін өмір сүреміз ғой. Өміріміз осылай мәнсіз боп өтіп кете бермек пе? Шатасқан сұрақтар... Терең ойласаңыз бұл сұрақтардың жауабы бар екен. Қандай дейсіз бе? Ол анық нәрсе, ақылы бар кез-келген жанға. Ол құлшылық!
Кімге? Әрине, әр бірімізді бір тамшы ұйыған қаннан жаратқан, бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға құлшылық қылу. Иә-ә, кез келген ойланған есті жанға бұл анық нәрсе. Біздің өміріміздің басты мәні де, сәні де сол емеспе. Өмір деген соол өтеді де шығады. Қамшының сабындай деп бекер айтып кетпесе керек баяғылар. Қөрер көзге көрініп тұрған жоқпа бұл өмірдің сынақ, жалған екендігі. Біреу сүрініп жатады, енді біреу қуанышқа кенеліп жатады, осының барлығына сабырмен шүкір дей отырып, Жартушымыздың алдында бас иіп құлшылық ету емес пе өмірдің мәні.
__________________________________________________________
P.S. Кез келген адамның өз пікірі болады, бұл менің жеке пікірім. Сіздің пікіріңіз қандай? Келіңіз ой бөліселік...