Өмірдің арнасы бар бір өзіңде...

Әдемі көркімен, жанға жайлы табиғатымен, бал шырын алмасымен есте қалатын Алматы бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын алған. Көркем келбетіңе тамсанып, талайлар өзіңді бір көруді арман еткен. "Біз Алатаудағы Алматының баурайына сия алмай емес, Алматыны қия алмай кетіп барамыз",-деген Елбасының осы бір жүрекжарды сөзі Алматыға деген қимастығы мен сүйіспеншілігін білдіреді.
Әркімнің жүрегіне ұя салған ару қаланың әсемдігі мен тылсымы Көктөбенің баурайынан бастау алады. Неге десеңіз, Алматыға ерекше көрік береді. Әр кез алдыңнан жайқала жадырап құшақ жаяды. Жетісудің еркесіндей еліртіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Нағыз өмірдің басталғанын түсінген ауыл баласы үшін атасы болып қаталдық танытады, анасы болып мейірленеді де.
Мен үшін Көктөбенің алар орны ерекше. Себебі, өміріме арна салған жылдарды Көктебенің дәл етегіндегі киелі қара шаңырақта өткіздім. Талай шаттыққа толы күндерімді Көктөбенің көлеңкесімен батырып, Дарынымның жыр шұғыласымен атырдым. Содан болар, Алматыға деген маxаббатым толассыз. Балалық шағымның аспаны болған, тілегімді таңға жалғаған бұл алып шаһар қашан да менің жүрегімде. 
Мәңгілік бірлік пен теңдіктің қаласы болуыңа тілектеспін. Мәңгілігін берсін осы бір үміт пен тілектің.



Бөлісу: