Өмірдің ағында,қарасында...

Күнделікті қайнап жатқан күйбең тіршілік.Қарбалас.Бәрі аралас.Жатақxананың тұрақты тұрғыны болғаныма 7айдан асып бара жатыр. Қызық иә?!
Кеше ғана адасып,қадам басып келген таңсық бір үлкен көпқабатты ғимарат секілді көрінген жатағымыз, бүгінде туған үйіміздей боп кетеді деп үш ұйықтасамда ойламаппын. Мейлі бұл әңгімеге қош делік дей тұрайын.Өйткені менің қозғайын деп отырған тақырыбым басқа тұғын.
Уақыттың жетегінде отырғанымда көзім жатақxана бөлмесінің терезесіне түсті. Қос көгершін бір бірімен таласып жатқан. (терезе алдында тұрған жем үшін таласып жатқан)Бірі ақ,бірі қара болатын. Бұл екі көгершінге қарап отырып, мынадай ойға шомып кетіппін.
Өмірде қара мен ақ жолақтан тұрады.
Біреуі айқасар,біреуі шайқасар. Бірі шайпауыт мінезін көрсетеді.Бірі алпауыт екенін көрсетеді.
Бірі құлар.Бірі жылар. Өмір қос көгершіндер таласып жатқан секілді, артысып-тартысудан,бәсекелесуден тұрады. Қызық...
Егер қара көгершінді атып тастап,ақ көгершіннің өзін қалдырар болсақ,не болар дейсіз?!немесе керісінше...
Өмірдіңде қара не ақ жолағын алып тастар болсақ,өмірдің тепе-теңдігі бұзылар еді.Солай емес пе? Менімен келісер ме едіңіз?! Өмірдің мәнісі де осы жолақтарда.Әрі алланың жаратқан қос үлкен сыйы.Сондықтан өзгерту мүмкін де емес.
Міне, осылайша ойдың жетегінде отырғанымда қос көгершінде ұшып кетіпті.Ал мен болсам күнделікті әдетімше тірлігіме кірісіп кеттім...



Бөлісу: