Өмірдің 10 қағидасы

Өмірдің 10 қағидасы
жеке
блог

Көбінесе, біз өмірдің біреу және мәңгі емес екенін ұмытып жатамыз. Бір сәт болсын ойланып көрдіңіз бе? Неге және не үшін өмір сүріп жүргеніңізді?

Міне, өмірді түсінуге болатын 10 шындық. 

1. Сіз неғұрлым аз алаңдасаңыз, соғұрлым бақытты боласыз.

Бір маңызды және қарапайым қағида. Стресс пен драмадан қашыңыз,сонда өмір жағымды және жайлы болады. Біреу үшін өмір сүргенді доғарыңыз, өзіңіз үшін өмір сүріңіз.

2. Сөзден іс маңызды.

Адам не болса да айта алады, іс-әрекет одан да маңыздыны айта алады. Сөйлеме, әрекет ет.

3. Алғыс айтуды ұмытпаңыз.

Тірісіз бе, және деніңіз сау ма? Төбеңіздің шатыры бар ма?Жақындарыңыз қасыңызда ма? Сіз онда бақыттысыз. Қолыңызда барға шүкірлік етіңіз.

4. Көп жұмыс жасаңыз, бірақ өзіңізге көңіл бөлуді де ұмытпағаныңыз жөн.

Иә, біз армандарымызға жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз, бірақ бұл тозып жұмыс жасау деген сөз емес.

5. Өзіңіз үшін өмір сүріңіз.

Айналадағылар әрқашан аяқтан шалғысы келіп тұрады, және сенің өзіңе деген сеніміңді жоғалтқысы келеді. Оларға рұқсат етпеңіз.

Өзіңіз қалай өмір сүргіңіз келсе, солай өмір сүріңіз және өзіңізді ғана тыңдаңыз.

6.Әрбір қателік-сабақ

Қателесу-ол жақсы, әрбір қателік-бұл сабақ, өмірдің берген сыйы деп қабылдаңыз.

7. Өкінішсіз өмір сүріңіз.

Не істесеңізде, алдыға қарай жылжи беріңіз. Өткенге өкінумен уақыт өткізбеңіз.

8.Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз.

Біз бәріміз өткенге өкінумен және «керемет күнді» күтумен үйреніп қалғанбыз. Бірақ, соңғысы ешқашан болмайды. Сондықтан, бүгінгі күнмен өмір сүріңіз.

9. Прокрастинация сізді өзінің құлы етеді.

Күні бойы төсекте ұялы телефонға телміріп жату оңай. Бірақ, іс-әрекет қана өмірімізді мәнді ете түседі.

10. Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

Ешқашан адамдарға мейірімді болуды ұмытпаңыз, мейірім әлемді алдыға қарай жылжытады. Және мейірім сізге міндетті түрде қайта оралады.