Өмірден түйген "ойларым"...

Өмірден түйген "ойларым"...
жеке
блог

                                               ***

 Өмір...Өмірде ақ пен қара секілді жақсылық пен жамандық,келеңсіз оқиғалар мен керемет сәттер ылғи да қатар жүреді.Бұл әрине, заңды.Менімше осылай болғаны дұрыс та.Себебі өмір тек қана жақсылықтан құрылса,тек қана жақсы оқиғалар болса онда оның мәні болмас та еді.Өзіне істеген жамандықтар,зұлымдықтар,әділетсіздіктер арқылы адам жетіледі,ақ пен қараны таниды,өзіне сенімділігі артады және ең бастысы одан сабақ алады.

                                               ***

"ҰНАТУ","ЖАҚСЫ КӨРУ","СҮЮ".Үшеуі үш түрлі, бір-біріне ұқсамайтын,әдемі сезімдер.Кейбіреулер бұлардың ара-жігін ажырата алмай,қате қадам жасап, өкінішті жағдайларға ұшырап жатады.

                                               ***

Әрбір нәрсені, мейлі ол маңызды болсын,мейлі түкке тұрғысыз болсын ОЙЛАНЫП жасау керек екен.Ойланбай жасалған әр іс - кейде қателік,кейде кінә,кейде күнә болып жатады.

                                               ***

Адамға бастысы дос үшін өлу емес,өлуге тұрарлықтай дос табу қиын екен.Негізі қыздардың достығы жігіттердің достығына қарағанда әлсіздеу.Көп жағдайда қыздар арасында көреалмаушылық,сатқындық,тіл табыса алмау сынды "керемет" қасиеттер орын тебеді.

                                               ***