Өмірде....
блог
Өмірде идеалды адамның болмайтыны секілді, идеалды тағдыр да жоқ.
Мен идеал емеспін. Тығырыққа тіркелгенде қисынды жауап та қата алмай состиып тұрып қалар сәтім де көп. Сондай сәттер болмаса ғойй деп жүремін. Ылғи.
Менің бір ұнатпайтыным - адамдар басқа біреуге ашуланып, өшін өзгеден алатыны.
Фильмдерде болушы еді ғой: бір адамға бір қаніпезер адам зияндық келтіреді. Ал әлгі заодап шеккен адам кегін қаніпезердің ұрпағынан алатын. Былай ойласаң дым қатысы жоқ. Бірақ психологиялық түрде ойласаң, адам кек-өш алу арқылы өзінің ішкі витаминін толтырады. Сонда өзін бір жеңілдеп қалатындай сезінеді.
Бірақ расында олай емес.
Мәселен сіз ауырасыз делік, антибиотик әлде витамин қолданасыз. Уақытша ғана ауру басылады. Бірақ түпкілікті емес. Онымен қоймай өзге ағзаға залал келтіріп кетеді.
Ауыру - сізге жасалған әділетсіздік. Витамин сіздің қарсылық кегіңіз, өшпенділігіңіз.
Өш алғанда айызың қанғандай болады. Бірақ күнәһарсың.