Өмірді сүйе білейік!
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен "Любите жизнь" атауында өз ортасының мотиваторы, ҚазҰУ белсенді студенті Курмангужинова Заретаның мотивациялық тренингі өтті.
Залға жиналған студенттер бұл тренингке ерекше көңіл-күймен келген еді. Себебі, Заретадай қайсар арудың әрбір айтқан рухты сөздері әр студенттің жүрегіне үміт пен сенім отын жаққаны анық.
Иә, ол өзгелерден ерекше. Өмірді өзгелерге қарағанда өзгеше сүйеді. Мақсат қойып, оған жету жолында жанын салып еңбектенеді.
Қазіргі таңда Зарета философия және саясаттану факультетінің 1 курс студенті. Бос уақытында істейтін жұмыстары, өзін - өзі қадағалауы бәрі-бәрі өзгеше. Қолымнан келмейді емес, мен бәрін жасай аламын деп өзіне сенім артады.
Ол - керемет дауыс иесі. Болашағын сахнамен елестетіп, биік белестерді бағындыруды ойлайды.
Өз тренингін керемет өткізген Заретаға
студенттер ашық түрде сұрақ қойды. Жүректен шыққан сұрақтарына толық жауап алған студенттер Заретаға ерекше риза болды.
"Бәрі шынайы, керемет өтті. Өмірге деген көзқарасым, ортаға деген пікірім жаңа қырынан өзгере бастады. Бұл тренингке келгеніме қуаныштымын" -дейді семинар-тренингке қатысушы 1 курс студенті Бекзат Қайратұлы.
Алып шаhарға енді үйренісіп, қайда барамын, кім кеңес береді деп жүрген студенттер үшін пайдасы бар тренинг болды. Өмір бізге берілген мүмкіндік десек, сол мүмкіндікті жоғалтпау үшін аянбай еңбектенуіміз керек. Сонда ғана біз өз бағытымызды нақтылай аламыз.
Қайсар арудың қарымды ойларынан шабыт алған ақын жігіттеріміз өз арнауларын сол жерде шығарып, Заретаны ерекше қуанышқа бөледі.
Қазақ Ұлттық университетінің студенттер үшін ерекше жобаларының бірі "Айналаңды нұрландыр " деп аталады. Біз -бірімізге қолдау мен көмек беріп, ақыл кеңес айтып, студенттер қалашығында қайырымды қоғамды жасау арқылы айналамызды нұрландырамыз. ҚазҰУ - бұл, ерекше дарынды жастардың қайнаған ортасы. Осы ортада студенттердің бір -біріне бауыр басып, қолдау мен сенім білдіруі олардың бойындағы ізгі қасиеттерді одан сайын ұштай түседі.
Өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады, талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға» бар — ынта жігерін салады. Бізде сондай жастардың қатарындамыз . Алға қойған мақсаттарымызға жетуіміз керек. Қатарымыздан қалмай, өмір шыңына көтерілу біздің басты міндетіміз. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда! Соны ұмытпайық!
РЫСГҮЛ ДАУТАНОВА
ҚАЗҰУ, Тарих ,археология және этнология факультетінің 2 курс студенті