Ассалаумағалейкүм, достар! Көңіл-күйлерің жақсы ма? Көпшілігіңнің жазбаларыңды оқып отырып, осы өмірлеріңе аз да болса қынжылыспен қарайтындарыңды ішім сезеді. Негізі өмір сүре білудің өзі ерлік, ал керісінше өле салу кез келгеннің қолынан келеді. Өмір - бізге берілген мүмкіндік, оны жіберіп алмауымыз керек. Өмірдің әдемілігіне әсте тоймауымыз керек. Себебі, өмір - армандардан құралады. Осы армандарға қол жеткізу керек. Өмір - борыш! Оны абыроймен атқаруымыз керек. Өмір - махаббат, сондықтан оны сүю керек! Өмір - жұмбақ... ол жұмбақты шешуге белсене кірісу керек. Өмір - бақыт, сондықтан оған талпыну керек! Өмір - өмір! Қысқасы, өзіңнің өміріңе не керек екенін білсең, сол үшін күресуді қазірден бастағаның абзал...