Өмір туралы толғау
блог
Өмір - ащысы мен тұщысы , қуанышы мен қайғысы , қадірі мен қасиеті қатар тоғысқан жол. Сол өмір жолында қиындыққа тап бола қалса, шыдамдық таныта алмай жататын жандар өте көп. Солардың бірі ішімдікке салынып кетсе , бірі өз өмірлерін қиып жатады.
Қазіргі таңда адам өлімі жастар арасында жылдан жылға ұлғайуда. Оның басты себебі неде? Кәмілет жасқа толмаса да өмірдің қиындығына шыдамауында ма ? Әлде ата -ана мейірімінің аздығы ма ?
Кез - келген бала жасөспірімдік кезеңді бастан өткереді. Ол кезең адамның мінезін өзгертіп, шыдамсыздықтың орын алуына әсер етеді. Сол кезде бала ата - ана қамқорлығы мен туған - туыстың назарына зәру болады. Сол сәтте дұрыс жол ұсынып, өмірдің қызыққа , бақытқа, шаттыққа толы екенін түсіндіретін жан керек. Ата -ана балаға қандай тәлім - тәрбие берсе, сол жолмен кете береді. Үйді ұстап тұратын басты құрылым фундамент. Сол сияқты ата - ана баланың фундаментінің нық қалануына , құлап кетпеуіне күш салуы қажет .Ал бала болса сол күшті түсініп, өмірдің табалдырығын аттамай жатып түңілмеуі керек.
Қазақстанда қазақтар азайып барады. Кез - келгеніміз қиналып , өмірімізді қиып жатсақ , онда ел не болмақ? Сол себепті әр ісімізге жауапты болып, Алланың сыйлаған өмірін қадір тұтуымыз қажет .