Өмір туралы толғау

Өмір туралы толғау
жеке
блог

Өмір - ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы, қадірі мен қасиеті қатар тоғысқан жол. Сол өмір жолында қиындыққа тап бола қалса, шыдамдық таныта алмай жататын жандар өте көп. Солардың бірі ішімдікке салынып кетсе, бірі өз өмірлерін қиып жатады. 

Қазіргі таңда адам өлімі жастар арасында жылдан жылға ұлғайуда. Оның басты себебі неде? Кәмілет жасқатолмаса да өмірдің қиындығына шыдамауында ма ? Әлде ата -ана мейірімінің аздығы ма ? 

Кез келген бала жасөспірімдік кезеңді бастан өткереді. Ол кезең адамның мінезін өзгертіп, шыдамсыздықтың орын алуына әсер етеді. Сол кезде бала ата - ана қамқорлығы мен туған - туыстың назарына зәру болады. Сол сәтте дұрыс жол ұсынып, өмірдің қызыққа, бақытқа, шаттыққа толы екенін түсіндіретін жан керек. Ата-ана балаға қандай тәлім - тәрбие берсе, сол жолмен кете береді. Үйді ұстап тұратын басты құрылым фундамент. Сол сияқты ата - ана баланың фундаментінің  нық қалануына, құлап кетпеуіне күш салуы қажет. Ал бала болса сол күшті түсініп, өмірдің табалдырығын аттамай жатып түңілмеуі керек. 

Қазақстанда қазақтар азайып барады. Кез келгеніміз қиналып, өмірімізді қиып жатсақ, онда ел не болмақ? Сол себепті әр ісімізге жауапты болып, Алланың сыйлаған өмірін қадір тұтуымыз қажет.