Өмір - теңіз

Өмір - теңіз
жеке
блог

Өмір - бұл қазір. Ол кеше немесе ертең емес. "Өмір еңбексіз ештеңе бермейді" - деп Гораций данамыз айтып кеткен. Яғни өмірдің басты талабы:алға қарай жылжу,талпыну. Ал бұл өмірді бізге сыйлаған әуелі Алла, сонан соң ата-анамыз.

Ата-анамыз бізді тәрбиелеп,өмірге баулыйды,бойымызға жақсы қасиеттерді сіңдіреді.Кейін өсе келе нағыз өмірдің қандай екенін сезіне бастаймыз.Мен өзім кішкентайымда барлық адамдар жақсы деп ойлайтынмын.Бірақ қате түсінік.Өмір болған соң,қызығы мен шыжығы көп,шым-шытырыққа толы болады екен.Кейбір адамдар өз өміріне риза болмай,өмір сүргісі келмей,өздеріне қол жұмсап жатады.Өте қате түсінік.Жаратушы адамдарға өмірін аманат қылып береді.Ал олар аманатын қор қылып,өз өмірінен бас тартады.Алайда адам екі дүние бар екенін естен шығармауы қажет.Бұл өмірден кеткенімен,ана дүниеде де өмір сүреді.Барлық істеріне жауап береді.Бүгінгі өмір-жақсы өмір сүру,ертеңгі өмірге дайындалу.Ал ертеңгі өмір-жауап беру сынағы тәрізді.Сондықтан өмірімізді өзіміз құртып алмайық.Өмірге адам болып келген соң,адам болып өмір сүріп,мақсат,арман қойып,жетістікке жетіп,өмірден өз орнымызды табу-ол басты қағида.Алла тағала адам дүниеге келерде маңдайына тағдырын жазып қойады дейді.Тағдырдың қожасы тағдыр,адам оның құлы.Сондықтан қамшының сабындай қысқа ғана өмірді жақсы сүруге тырысып,тіршіліктің әр күнін бақыт деп санайық.Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзеңге теңейді.Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз,ешкімге білдірмей өтіп жатады.Қасиетімізді сақтап,жаман әдеттерден аулақ болайық.Болашағымыз,келер ұрпағымыз жақсы болсын десек,салауатты өмір салтын ұстанайық достар.Өмір жайлы шығарған өлеңімді қабыл алыңыздар!

Өмір

Бақыттымын өмірге келгеніме,

Жарық дүние есігін көргеніме.

Отбасым бар,әкемнің орны тұрған,

Бақыттымын жылулық сезгеніме.

Жүріп келем биік арман бөгеніне,

Білемін,жетемін мақсат кемеліне.

Жүрегім сезеді,сене берсең болады

Болашақтың ақ құстай келеріне.

Самғап тұрған кең қос қанатымның,

Қос қанатпен лапылдап жанатынмын.

Бірақ тағдыр көнеміз,қайткенменде

Білмеппінғой біреуінің бос қалатынын.

Бірақ өмір,тырысамын тартынбауға

Түсініп келем,

Қиын екен жарыққа жарқылдауға.

Айналамда толған 

Қап-қара қарға қарқылдауда.

Өмір деген тұрған соң ақ-қарадан,

Көнемізғой,әрбір көзге жалт қараған

Жетемізғой әлі-ақ,шыдайық,

Өмірдің биігіне,теңіздей тап-тазадан.

                                                                       Оразалиева Ақниет Құрманбекқызы