Өмір сүрудің мәні неде?
жеке
блог
блог
Данадан замандасы сұрап жатыр:
- Адамның бұл өмірдегі мақсаты не?
- Білмеймін.
- Онда өмір сүрудің мәні неде?
- Білмеймін.
- Осы сұраққа жауап бере алмасаң сенің даналығың қайда? - деді замандасы.
Сонда дана кісі күліп тұрып:
- Бастысы - өмірдің мәнінде емес, оның дәмін сезінуде. Мысалы тортты талқылап, түр-түсін сипаттап отырғаннан, одан ауызтиіп, дәмін сезген әлде қайда жақсы емес пе? - деген екен.