ӨмІр ӨтКеЛдЕрІ

ӨмІр ӨтКеЛдЕрІ
жеке
блог

  Өмірімді өлеңмен жалғастырам  

 

Өмірден таза парақ ашқым келді,

Өткенімнен бас ала қашқым келді.

Басқа әлемге жолдама алып алып,

Дәл қазір асу белден асқам келді.

 

Таста бәрін қадам бас та өт дедім,

Бірақ шіркін жібермейді өткенім.

Қалай ғана бағындыра алам мен,

Өмірдің биік белес өткелін.

 

Қара аспанға қара бұлтты төндірдім кеп,

Алдамшы ойға өзімді көндірдім кеп,

Қайда тастап бәрін мен кетекшімін?

Қандай асу қандай белден өтпекшімін?

 

Жарайды мен таза парақ ашпақшымын,

Ол жерге не деп бастап жазбақшымын.

Өмірдің қазынасын іздеймін деп,

Қай жерден бастап кеп қазбақшымын.

 

Қойшы бәрін жалғастыра берейінші ,

Басқа салған тағдырға көнейінші.

Ешқандай қазынаның керегі жоқ,

Тәубә етіп мына өмірге жүрейінші.