Өмір, өмір - мәңгі өшпес тақырып!...

Өмір, өмір, бұл өмір адамдарға

шақтап берген уақыттың бір өлшемі,

Жаралғаннан бастау алып, жоғалғанға

жүріп жетер жолымыздың мөлшері.


Пенделерге пешене боп берілген,

фәни тірлік сапарымыз қызықты.

Ажал келіп адамдарға телінген,

тұтқиылдан тұйықтайды сызықты.


Қу тірліктің ауыр болса азабы,

ауыстырмас бақидағы жұмаққа.

Неге адамдар осыншама жазалы,

жан бар ма екен жауап берер сұраққа?


Ажал неге болу керек бас-қайғы,

үміт-cенім тұрған жоқ па шақырып...

Арман-қиял болашаққа бастайды,

өмір, өмір - мәңгі өшпес тақырып!...

(Гүлжан Серіктің «Бүгін соңғы күн» жазбасына пікір қалдырғаннан кейін туған жолдар, өзімше ұйқастырып  өлең форматына келтіргенім осы, сыншысы мына сіздер)



Бөлісу: