Өмір, мен саған ғашықпын

  Селк-селк еткен жаңбырдың дауысын ести сала Айгүл орнынан тұрып, аурухананың терезесін ашты. Ол жаңбырдың жауғанын тамашалап, қуанып күлімсіреді. Айгүл жауын-шашынды бала кезінен бері қатты жақсы көреді. Тамшылап жаңбыр жауса болды, орнынан ұшып тұрып терезені ашатын әдеті бар. Сәлден соң бағанағы жаңбыр тоқтады да, керемет ауадан рахаттана тыныс алды.


-Неткен тамаша табиғат! Жаңбырдан кейінгі ауа сондай керемет! Осындай ауаны иіскеу мен үшін үлкен бақыт,-деді Айгүл өз-өзімен.
Біраздан кейін найзағай жарқ-жұрқ етті де, Айгүл қорқып кетіп, терезені жауып, орнына барып, кереуетке жатты. Айгүлдің көңілі су сепкендей басылды.
-Қуанышты сәтімде бұның несі?! Жаңа ғана жаңбырдан көңілім көтеріліп еді, енді міне, қуанышыма тосқауыл болып келген мына жарқылдаған найзағай қайдан келді?! Тез тоқтасыншы найзағай, тез тоқтасыншы! Қорқып барам...,деді Айгүл қатты қорқып, көзін тарс жұмып алды.
Бірнеше сағаттан кейін Айгүл көзін ашып қараса, жанында Тимур отыр екен.Жаңбырдан кейін найзағай да тоқтап, жарқырап күн шығыпты. 
-Осы уақытқа дейін қайда жүрсің, Тимур? Көптен бері неге келмей кеттің? Жаңа найзағай түсіп, қатты қорықтым. Неге сол кезде келмедің? Қатты ауырып жатқанымды білесің ғой,-деп Айгүл жылап жіберді.
-Кешірші, жаным Айгүл. Жұмыста шаруаларым көбейіп кетті. Сені сүйетінімді білесің ғой, жаным. Сондағы бес-ақ күн ғой келмегенім,-деді Тимур.
-Бәрібір де, сені қатты сағындым. Енді әрдайым келіп тұршы. Сенсіз күнім өтпес. Сенен басқа ешкімім жоқ,-деді Айгүл Тимурды құшақтап.
-Жарайды Айгүл. Мен сені ешқашан тастап кетпеймін. Болды жылама, жаным,-деді Тимур.
-Сен қашан келдің?-деп сұрады Айгүл.
-Келгеніме екі сағат болған шығар. Мен келсем, сен ұйықтап жатыр екенсің.Шаршаған шығар деп оятпадым.
-Қашан ұйықтап қалдым, мен? А-а бағана найзағайдан қорқып, көзімді жұмып ұйықтап қалыппын ғой. Білесің бе Тимур, мен осы соңғы кезде найзағайдан қатты қорқатын болғанмын,-деді Айгүл күліп.
-Енді қыздар барлық нәрседен қорқады ғой. Онда енді найзағай жарқылдағанда, маған дереу қоңырау шал. Мен лезде жүгіріп келемін,-деді Тимур жымиып.
-Мен несіне қоңырау шаламын. Өзің білесің ғой ауа-райдың қалай болып жатқанын. Жаңбыр жауып тұр ма, күн ыстық па әлде найзағай болып жатырма терезеге қарамайсың ба?
-Жоқ, біздің жұмыста терезе жоқ,-деді Тимур күліп.
-Терезе болмағанымен де, найзағайдың даусын естисің ғой, қалжыңбас неме!-деді Айгүл де күліп.
-Жә, болды қарағым-ау! Егер қорықсаң маған хабарласасың.
-Түү, мен жаңа айттым ғой, найзағайдан қорқамын деп. Менің ешқашан найзағайдан қорықпайтын күнім болмайды. Неге соны түсінбейсің,-деді Айгүл ренжіп.
-Жарайды, жетер. Менің қорқағымның ашу енді шығайын деді-ау. Мен терезеге қарамасамда, найзағайдың дауысын есіткен кезде, бірден саған жүгіріп келемін жаным,-деді Тимур күліп.
-Қойшы Тимур! Сенің жұмысыңда терезе жоқ емес, барғой. Қоймадың ғой, терезе жоқ, терезе жоқ деп. Мен саған сенейін дедім,-деді Айгүл күліп.
Айгүл мен Тимур басқа да қызықты әңгімелер айтып, күлісіп, кешке дейін сөйлесіп отырды. Тимур Айгүлдің көңілін түсірмеу үшін бәрін жасайды. Айгүл не қаласа соны істейді, не жегісі келсе, соны әпереді. Яғни, ол Айгүл үшін бәріне де дайын. Өйткені, Айгүл жазылмас дерт өкпе ауруы туберкулезбен ауырады. Тимур Айгүлдің өмірі аз қалғанын да жақсы біледі. Дәрігерлер Айгүлді тез жазылып кетеді деп айта алмайды. Енді Айгүлдің бұл аурудан толықтай жазылып кетуіне еш мүмкіндік жоқ. Себебі Айгүлдің туберкулезі өте жоғары дәрежеде. Сондықтан Тимур енді Айгүлдің аз ғана қалған ғұмырын тек қызыққа толы күндерге арнағысы келеді.
Айгүл таңғы жетілер шамасында ұйқыдан оянып, дәрілерін ішіп, таңғы асын жеп болған соң, орнына қайта отырды. Біраздан соң есіктен Тимур кіріп келді. Қолында бірнеше азық-түлігі бар. 
-Сәлем, жаным қалайсың? Денсаулығың қалай?,-деп Тимур заттарын үстелге жайғастырып.
-Аллаға шүкір жаман емеc. Өзіңнің ше жағдайын қалай? Терезесіз жұмысыңда не жаңалық бар?-деді Айгүл күліп.
-Менің терезесіз жұмысымда жұмыстар жақсы жүріп жатыр. Жаңалық жоқ. Айгүл қарашы саған не әкелдім. Міне айран, мандарин, алма, банан, печенье, апельсин шырыны,-деп Тимур заттарды шығарып.
-Түү, несіне әуре болдың Тимур. Рахмет көп-көп , жаным сол! Байқаймын, бүгін көңіл-күйін көтеріңкі ғой,-деді Айгүл.
-Солай ма? Білмеймін. Мүмкін ауа-райы ерекше болғандықтан ба? Күн жарқырап шығып тұр ғой. Сенің ше, көңіл-күйін қалай?
-Онша емес. Қашан жаңбыр жауады, сол кезде қуанамын.
-А-а айтпақшы Айгүл. Мен саған керемет бірдеңе әкелдім. Мүмкін содан көңілің көтерілетін шығар. Мен саған шоколад алып келдім,-деді Тимур шоколадты ұсынып.
-Ой, рахмет Тимур! Көңіл-күйімді көтеріп жібердің ғой, жаным. Саған көп-көп рахмет!,-деді Айгүл қуанып. Сәлден соң Айгүл:
-Тимур, мұны қалай әкелдің? Дәрігерлер көріп қалған жоқ па?
-Жоқ, қалтама тығып әкелдім,-деді Тимур күліп.
-Жарайсың, Тимур! Шоколад жемегеніме көп болып еді,-деді Айгүл де күліп.
-Ал, тезірек жеп ал. Әйтпесе, қазір медбике көріп қояды. 
Айгүлдің қуанғаны соншалықты, тезірек шоколадты жеп, тауысты.
Бір күні Айгүл таңертең оянса, сіркіреп жаңбыр жауып тұр екен. Ол бірден терезені ашты да, қатты қуанып, сыртқа шықпақ болды. Ол ұзын дәлізге шығып, баспалдақпен төменге қарай жүгіре түсті. Бірақ оны медбикелер ұстап алып, жібермей қойды.
-Жіберіңдер мені! Мен сыртқа шығуым керек. Өтінем, мені шығарыңыздаршы!-деп Айгүл бар даусымен айқайлап.
-Жоқ, қазір жаңбыр жауып тұр ғой. Мұндай уақытта сізге жалғыз шығуға болмайды. Әйтпесе, тоңып ауырып қаласыз,-деді жанындағы бір медбике Айгүлдің қолынан ұстап.
-Мен жаңбырды қатты жақсы көремін. Жаурасам да мейлі. Тіпті жаңбырдың астында қалып, өлуге де дайынмын,-деп Айгүл жылап жіберді.
-Олай демеңіз. Қазір жаңбыр тоқтайды. Сол кезде шығасыз,-деді бір семіздеу келген медбике.
Әбден жылап, қасарысып болған соң Айгүлді медбикелер палатасына апарып, тыныштандыратын дәрі екті.
Біраздан кейін ауруханаға Тимур келіп, медбикелер болған жайтты айтып берді. Содан Тимур Айгүлдің бөлмесіне барса, ол ұйықтап жатыр екен. Сәлден соң Айгүл оянған соң Тимур:
-Айгүл, жағдайың қалай?
-Менде бәрі жақсы, алаңдама.
-Жаңбыр тоқтады. Керемет иіс шығып тұр. Сыртқа шығамызба, кішкене серуендеп қайтамыз.
-Енді несіне шығамын. Жаңбыр тоқтағанда. Күн шығып тұр ғой. Жаңбыр жауғанда келмейсің бе? Үнемі осылай жаңбыр жауғанда кешігетте жүресің,-деді Айгүл ренжіп.
-Айгүл, мен енді не істеймін? Қайтейін енді дәл жаңбыр жауғанда, жұмысым көбейіп кеткенде. Жұмысымды қалай тастап кетемін?
-Енді менің жаңбырды жақсы көретінімді білесің ғой. Сонда жұмысты менен артық көргенің бе?
-Жоқ, Айгүл! Олай емес. Керісінше мен сені артық жақсы көремін. Мен де қалар едім. Жаңбыр жауғанда қолым босап, саған келуді қалар едім. Енді қайтейін, дәл сол кезде ғана жұмысым бастан асып кетсе. Немене жаңбырды мен жауғызам ба?!-деді Тимур айқайлап.
-Жоқ, әрине! Жаңбырды жауғызуға қолың келмейді де! Ол былай тұрсын. Тіпті сүйіктіңнің ең жақсы көргені жаңбыр үшін жұмыстан сұрана да алмайсың,-деді Айгүл ренжіп.
-Жетер енді! Бәрібір де ауруханаға барғанда, сені жібермейтін еді.
-Әне көрдің бе? Мені сыртқа өтініш сұрап, шығара да алмайсың! Осыны махаббат дейсің бе? Және сен үшін бәріне де дайынмын дейсің. Мен үшін ештеңеге де дайын емессің ғой Тимур!
-Болды енді Айгүл! Шаршадым! Сенің әрбір сөздеріңнен, әрбір қылықтарыңнан шаршадым.
-Ендеше неге қасымда тұрсың? Түрлі тағамдар әкеліп, шоколад әкеліп, мені неге еркелетіп жүрсің? А жауап бер! Шаршасаң қалай шыдап жүрсің? Онда кет, жоғал! Енді бұл жерге аяқ басушы болма!
-Әрине, кетем! Сенімен бірге болғанша, болмағаным жақсы екен. Сенің қасыңда отырған мен ақымақ екенмін!-деп Тимур айқайлап шығып кетті.

-Мен не істеп қойдым? Ой құдайым-ай! Мен Мадиярды ренжітіп қойдым. Енді ол маған ешқашан келмейді. Одан басқа ешкімім жоқ қой. Мен енді не істеймін?!-деп Айгүл жылап жіберді.
Тимурдың кеткеніне бір сағат болғанша, Айгүл жылап, не істерін білмей, бөлмені кезіп жүре берді. Сәлден соң бөлмеге бір медбике кіріп келді.
-Түскі тамақ дайын болды. Келіңіз,-деді ол медбике.
-Жоқ, жемеймін.Кете беріңіз.
-Ол не дегеніңіз. Олай болмайды. Әйтпесе жазылмайсыз.
-Кетіңіз дедім ғой, кетіңіз! Асқа тәбетім жоқ. Мен бәрібір жазылмаймын. Кетіңізші! Жалғыз қалғым келеді,-деп Айгүл тамақ ыдыстарын бәрін жерге шашып, айқайлап жіберді.
Медбике не істерін білмей, кетіп қалды.
Айгүл күні бойы нәр таппай, тек ғана жылаумен отырды. Айгүлдің әрбір күні тек осылай жылаумен өтті.
Бірнеше күндер өткен Айгүл Тимурды сағынып, бір медбикеге Тимурдыи шақыруын өтінді.
Сол күннен кейін Тимур Айгулдің бөлмесіне кіріп келді. Айгүл қатты қуанып, былай деді:
-Келдің бе Тимур? Мені кешірші. Сені қатты сағындым! Өткендегі сөйлеген сөздерім үшін қатты өкінем. Сені әлдеқашан кешіріп болғанмын. Менікі дұрыс емес. Білемін жұмысын өте ауыр. Өтінем мені кешірші.
-Жарайды Айгүл. Өткен күннің бәрін ұмытайық. Мен де сені сағындым. Ал, жаным саған тағамдар әкелдім. Жейсің бе?
-Жоқ, Тимур. Жемеймін. Асқа зауқым жоқ. А-а онда сен кішкене жата тұр. Мен саған жақсылап тұрып шай демдеймін.
-Жарайды жаным. Өзің біл.
Айгүл тұрып, Тимур әкелген тағамдарды жайғастырып, дереу шай демдеуге кірісті.
-Айтпақшы Мадияр. Қандай шай ішесің? Ұят-ай! Осы уақытқа дейін сені не жақсы көретініңді де білмеймін. Ал сен маған не ұнайды бәрін білесің.
-Өзің біл. Сенің қолыңнан у ішуге де дайынмын жаным сол,-деді Тимур жымиып.
-Түү, қойшы Тимур,-деді Айгүл күліп. Айгүл шай дайындап болған соң, Тимурға қараса, ол ұйықтап қалыпты. Ол оянғанша жанында күтіп отырды.
Сәлден соң Тимур оянып, былай деді: 
-Ой ұйықтап қалыппын ғой. Сенің төсегінде. Кешірші жаным.
-Жоқ, ештеңе етпейді. Жұмыстан қатты шаршағансың ғой. Ал, кел шай ішейік.
Екеуі бірге шай ішіп, әңгімелесіп отырды.
-Тимур, саған саған мың да бір рахмет! Маған көмектесіп жүрсің. Сен болмағанда мен қайтер едім. Екеуміз бірге қосылмасақта, менің екі ай ғана өмірім қалса да, сен оған шыдап жүрсің. Сен менің қасымдасын. Саған бұл өмірде де, о дүниеде де риза болып өтемін.
-Ол не дегенің жаным. Мен әрдайым сенің қасыңда боламын. Ешқашан сені ренжітпеймін. Мүмкін сен әлі жазылып кетесің. Сонда екеуміз бірге бақытты боламыз. Балаларымыз болады.
-Жоқ, Тимур. Мен ешқашан жазылмаймын. Мұны өмір айтып тұр ғой. Біз бірге болмаймыз,-деді Айгүл жылап.
-Олай деме Айгүл! Сен өлсең де, өлмесең де мен бұл өмірде саған ғашық болып өтемін. Мен сенен басқа ешкіммен бақытты бола алмаймын,-деді Тимур Айгүлді құшақтап.
Арадан бірнеше күндер өтті. Бір күні жаңбыр жауып, Тимур бірден Айгүлге келеді. Ол дәрігерден Айгүлді алып шығуына рұқсат алды. Тимур мен Айгүл сыртқа шығып, Айгүл:
-Тимур, саған көп-көп рахмет. Қуанышымда шек жоқ. Мен үшін жаңбырдың астында тұрудан артық қуаныш жоқ.
-Енді кішкене отыра тұрайық. Әйтпесе тоңып қаласың,-деді Тимур. Екеуі бір жерге отырып, сіркіреп жауған жауынды тамашалады.
Бір кезде екеуінің қасына бір ұзын бойлы, аққұба келген бір сымбатты қыз келді.
-О Тимур көрінбей кеттің ғой. Жанындағы қыз кім? Ауру ма? Тимур сен қызықсың. Осындай ауру қызға несіне ғашық болып жүрсің. Бәрібір онымен бақытты бола алмайсың. Одан да мен сияқты сұлу, сымбатты, дені сау қыздармен жүрмейсің бе?,-деді әлгі қыз.
-Болды, жетер! Мен оны сүйемін. Жоғал!-деп Тимур айқайлап жіберді.
-Иә, кетемін. Бірақ бұрын менімен бірге болғаныңды ұмытпа. Сенің алғашқы махаббатың менмін!
-Тоқта, тоқта! Демек сендер бірге жүрдіңдер ғой. Оны неге маған айтпадың, Тимур. Шыдаңдар, мен бәрібір екі айдан кейін өлемін. Сонда сендер бірге бақытты өмір сүресіңдер,-деп Айгүл жылап, кетіп қалады. Сол сәтте жаңбыр да тоқтады.
-Мен ешкімге керек емеспін. Менің ешкімім жоқ. Тимурдың айтқандарының бәрі өтірік екен ғой! Соған сеніп қалған екенмін,-деп Айгүл күні-түні жылай берді. Ештеңе жемейді де, ішпейді де, тек жылап жата береді, жата береді. Арадан бір айт өтсе де Тимур әлі ауруханаға келген жоқ. Өткендегі жаңбырдан кейін жоқ болып кетті. Өзінің өмірден өтуіне Айгүл қатты қорқып, алаңдап жүр. Денсаулығы да нашарлап бара жатыр. Содан Айгүл Тимурды жек көре бастады.
-Жоқ, ол мені сүюі мүмкін емес. Болмаса кешірім сұрап, келетін еді ғой. Ол мені алдады, алдады, деп Айгүл өз-өзімен жылайды да отырады.
Бір уақытта Айгүл терезеге қараса, Тимурға ұқсаған бір жігітті көрді. Тимурдан аумайды. Ол бір қызбен құшақтасып тұр еді.
-Жоқ Тимур емес-ау. Ол ондайға бармайды. Менің көзіме шөп салмайды,-деп Айгүл Тимур болмаса екен деп қорқып барады. Жүрегінде қатты қорқыныш бар. Көздері енді ағайын деп тұрған жасқа толы. Тағы да анықтап қараса, дәл Тимурдың өзі. Иә дәл өзі! Бойы, түрі, шашы мен қимылы. Тап сол Тимур! Айгүл қоңырау шалып көрейінші деп шалса, сол жігіт ұялы телефонын алып, өшіріп тастады. Айгүл мұны көргенде бағанағы қорқынышқа толы жүрегін біреуге тапсырғандай болды. Көздер қан аралас жасқа толды.
-Тимур неге маған бұлай істеді,-деп Айгүл жанары мұңға толы жүзін алақанымен басып.
Бірнеше күндер өткенде Айгүлдің түрі кетіп, нәр таппай, тіпті төсегінен тұруға да шамасы келмеді.
Бір күні Тимур ештеңе болмағандай Айгүлдің палатасына ес-түссіз кіріп келді.
-Жаным, Айгүл қалайсың? Көптен бері келмегенім үшін кешірші. Саған көп нәрсе алып келдім. Қарашы,-деді Тимур ештеңе білмегендей.
-Тимур, мен түс көріп жатқан жоқпын ба? Сені жын ұрған ба? Неге ештеңе болмағандай келіп тұрсың! Жаным деп. Сен көптен бері емес, бір ай келмедің, бір ай! Түсінесің бе?!
-Не деп тұрсың! Мен істеп қойдым сонша?
-Әне көрдің бе, өзің не істегеніңді де білмейсің. Аурухананың сыртында бір қызбен құшақтасып тұрғаның өтірік пе? А жауап бер,-деп Айгүл айқайлап жіберді.
-Айқайлама! Мен ешкіммен құшақтасқан жоқпын! Маған ұқсаған біреу шығар.
-Жо-оқ! Мен сол кезде саған қоңырау шалдым. Сен телефонынды көтермей, өшіріп тастадың,-деді Айгүл. Тимур не дерін білмей, үндемей қалды. Ол қоңырау шалған адамды басқа біреу шығар деп ойлаған-ды.
-Неге үндемей қалдың? Басқа қандай айғағың бар?! Неге тілің байланып қалды? Тағы нені өтірік айтқың келіп тұр? Жауап бер!-деп Айгүл одан сайын айқайлап жіберді.
-Жап аузыңды! Иә ол дұрыс. Бір қызбен құшақтасқаным да дұрыс. Ол алдында біздің алдымызға келген қыз. Мен оныме сенен алдың танысқанмын. Оның менің алғашқы махаббатым екені дұрыс.
-Сенің сөздеріңе сеніп жүрген мен қу бас ақымақ екенмін! Неткен арам едің! Арамсың! Екіжүзді! Сен маған үлкен қиянат жасадың. Менің ең жақын адамын, ғашығып маған опасыздық жасады. Неге менің көзімен шөп салдың? Мен саған неге ғашық болдым? Рас, ол қыз менен артық. Мен одан кеммін. Ол өте сұлу, сымбатты, ұзын бойлы, дене мүсіні әдемі, өте көркем қыз. Оған бір қараған жігіт екінші рет артына бұрылып қарайды. Бірақ неге өмірім аз қалғанда, өліміме үш апта қалғанда, сен неге бұлай істедің? Неге жылаттың? Неге шыдамадың? Сен мені сүймесең де неге сабырлық танытпадың? Мен өлгеннен кейін, ол қызбен бақытты өмір сүретін едің ғой. Тым болмаса менің аз қалған күндерімді неге қызыққа арнамадың. Тіпті саған не дерімді де білмей қалдым. Жүрегім қатты ауырып тұр. Өкпеме қосылып, жүрегім де ауырып тұр. Екеуі бірігіп, кеудемді жарайын деп тұр,-деді Айгүл жылап. Бұл сөздер Тимурға қатты әсер етіп, басын төмен салбырап тұрды.
-Мен сені қатты жақсы көрдім. Жан тәніммен сүйдім. Бірақ мұның кейін уақытша екенін түсіндім. Барлығы үшін кешір, Айгүл. Саған ғашық болғаным үшін де кешір,-деді Тимур.
-Жарайды. Сені түсініп тұрмын. Білемін мен өте ашуланшақ, қырсық, қызғаншақ қызбын. Сен соған шыдамадың. Егер мен сенің орныңда болғанымда, мен де шыдамайтын едім. Бірақ сен сияқты ешқашан опасыздық жасамайтын едім. Ал сау бол, Тимур. Мен үш аптадан кейін көз жұмамын. Саған бақыт тілеймін. Жәннәтта кездескенше. Бірақ сенің қай есікке кіретініңді білмеймін. Жәннатқа ма, тозаққа ма? Мүмкін сен тозаққа баратын шығарсың. Сау бол, менің махаббатым,-деді Айгүл жай дауыспен. Тимур ештеңе деместен, сыртқа шығып кетті. Айгүл болса үндемей отыра берді. Тіпті не істерін де білмейді. Өмірден түңіліп қалғандай.
Бір күні Айгүлдің өкпесі қатты ауырып, жөтеліп, өкпесінен қан ағып, құлап қалады. Дәрігерлер тез арада оны жан сақтау бөлмесіне алып кетеді. Олар Тимурға қоңырау шалып, Айгүлдің өлім аузында жатқанын айтып, тезірек келуін өтінді. Тимур мұны естіген кезде лезде ауруханаға жүгіріп келді. Айгүлдің жатқан бөлмесіне кірсе, ол ыңырсып жатыр екен.
-Айгүл, жаным мені кешір. Барлығы үшін мені кешір,-деп Тимур жылап жіберді.
-Жылама Тимур. Сен жігітсің ғой. Жылама. Әуелі мен сенен кешірім сұрауым керекпін. Өйткені мен сені көп қинаттым. Сені көп ренжіттім.
-Жоқ, Айгүл. Мен сені кешірдім. Бірақ  сен мені кешірме, қарға. Мен сені көп жылаттым.
-Қызыңды ешқашан ренжітпе. Онымен бақытты болуына тілектеспін. Бірақ менің саған деген махаббатым шексіз екенін ешқашан ұмытпа. Соны ұмытпасаң болды. Сонда мен мені кешірем. Қош бол, менің сүйіктім. Мен сені сү-й-е-м,-деп Айгүл көзін жұмып кете берді. Сол сәтте жүрегі де тоқтап барады.
-Жо-о-оқ,-деп Тимур еңіреп жылап жіберді. Дәрігерлер операция бөлмесіне апарайын деп жатқанда:
-Жоқ, қажет емес. Ол бәрібір тірілмейді. Өлді,-деп Тимур жылап сыртқа шығып кетті. Дәрігерлер оны тыңдамай, Айгүлді аяп, операция бөлмесіне алып кетті. Бағана Тимур ауруханаға жүгіріп келгенде жаңбыр жауып тұр еді. Ал Айгүлдің жүрегі тоқтағанда, толассыз жауған жаңбыр да тоқтады. Тимур Айгүлдң өлді деп ойлап кетіп қалды. Бірақ Айгүлді операция бөлмесіне алып келгенде, жүрекке массаж жасап, жүрегі қайта қозғалысқа түсті. Әрине адам сенгісіз жағдай. Сол сәтте жаңбыр да жауа бастады.
Осындай жағдайдан кейін, қасіретке толы ауыр күндерден кейін Айгүл өзінің тірі қалғанына еш сенбей, Аллаға сансыз шүкіршілік етті. Айгүл бұрыңғыдай түрі кеткен, көзі іскен емес, керісінші жаңарып, өмірге жаңа келгендей. Өткенін, бәрін де ұмытты.
Бір күні Айгүл түскі ас ішіп болғанда, ойламаған жерден жаңбыр жауа бастады. Айгүл қуанып, әдеттегідей терезені ашты да, рахаттана тыныс алды.


-Эх, неткен тамаша өмір! Өмір махаббатсыз да өтеді екен ғой. Менің өмірімнің мәнісі де, сәнісі де жаңбыр. Жаңбыр десе ішкен асымды жерге қоямын. Мен өліп тірілдім. Сондықтан бір Аллаға, өмірге шың ризамын. Мен енді өмірімді жаңадан бастаймын,-деді Айгүл күлімсіреп.
Бірнеше күндер өткен соң Айгүл ауруханадан шығады. Енді өмірін тек қызықты етіп өткізгісі келеді. Ештеңеге ренжімей, алаңдамай, тек баянды өмір сүргісі келеді. Ол ауруханадан шығып, дүкенге қарай бара жатқанда Тимур мен әлгі қызды жолықтырады. 
-Сәлем, Тимур. Қалың қалай?
Тимур Айгүлді көргенде таңғалып, не дерін білмей қалды.
-Айгүл сенсің бе? Өз көзіме өзім сене алмай тұрмын. Сен тірілдің бе?
-Иә, мен өліп-тірілдім Тимур. Өмірге қайта келдім. Ауруханадан шықтым Енді мен ешкім мазаламайтындай, жалғыз өмір сүрем. Өле-өлгенше. Өмірімді жаңадан бастаймын. Немене менің тірілгеніме қуанбайсың ба?-деді Айгүл жымиып.
-Әрине қуаныштымыз. Біз жақында үйленеміз. Тойымызға келесің бе?
-Өте қуаныштымын. Әрине барамын,-деді Айгүл күлімсіреп.
Айгүл жалғыз өзі көшеде серуендеп жүрді. Ол өте қуанышты. Оның өмір сүргім келеді деген арманы орындалды емес пе? Біраздан соң сіркіреп жаңбыр жауып кетті.
-Жаңбырдың иісін-ай! Неткен керемет! Енді мен өмірімді қор қылмаймын. Жаңа өмір сүремін. Мүмкін Алла жаңа өмір сүрсін деп мені тірі қалдырған шығар. О Жаратқан Ием, саған мың да бір шүкір! Саған ризамын! Өмірде тірі қалғаным үшін өміріме ризамын. Мен саған ризамын! Өмір, мен саған ғашықпын!





Бөлісу: