Өмір мен Өлім

Сантарапқа сандалып бара жатқан,

Адамдарды көресің дала жақтан.

Ал, сәбилер асығып келер күнге,

Үйде отыр жалығып бала шақтан.

 

 

Арайланып атса да әрбір ақ таң,

Адам заты азды-көпті қылар мақтан.

Жаспын дейді, ал біреу баспын дейдң

Бәрімізге бір күн ажал, құрар қақпан.

 

Қарамайды ажал сені жас екен деп,

Бірі шаруа, бірі болса бас екен деп.

Бұл сұм ажал-адамға, тіршілікке,

Жора-жолдас бола алмайды, қас екен тек.

 

Ілінеміз бір күні қармағына,

Кепілдік жоқ, мәңгі өмірде қалмағыңа.

Бұл сұм ажал талайларға қайғы сыйлап,

Талайларды жер қойнына салмады ма?

 

Бұл сөздерді айтуға түрткілеген,

Аяп тұрмын жер бетіне жұртты кілең.

Естіген құлаққа да ерсі сынды,

Жер бетін бір ғана ажал құртты деген.

 

Жылдар жылжып сын сағат кемігелі,

Көп адамның миын құрт кеміреді.

7 миллярд адамның жанын алар,

Ұмытпайды жәнеде сені, мені.

 

Сондықтан да, қадірін біл бақыттың,

Ажал деген қарсыласы бақыттың.

Ойда барды кісендемей ағайын

Шабытымның жыр-шумағын ағыттым.

 

Құндылығын түсініңдер өмірдің,

Азаматы Жетісайдай өңірдің.

Құдайберген Арман айтқан сөз ед,- деп

Жазарсыңдар бір жарасын көңілдің.



Бөлісу: