Өмір мақсаты

Өмір мақсаты
жеке
блог

    Өмір дегеніміз-қызығы мен қиындығы қатар жүретін,жаңылыспай жүруді қажет ететін, адам баласына бір-ақ рет берілетін тағдыр. Әр адамның жазылып қойған тағдыры бар. Біреуге бақытты болуды бұйырса, ал біреудің маңдайына қиын тағдыр жазылған. Өмірде бір рет сүріндім екен деп, өзіңізді тастауға болмайды. Бір қиындықтың артында, міндетті түрде қуаныш қатар жүреді. Алла тағала бізге сыйлаған өмірді бақытты қып , қуанышқа толтыру өз қолымызда. Мен ойлаймын ақша, байлық деген нәрселер, түккеде тұрмайды. Өмірді керемет сүру үшін көп ақша қажет деп ойлайсыз ба? Жоқ. Ата-анаңыз аман, бауырларыңыз қасыңызда, дендері сау болса міне сол сіздің өміріңіздің гүлденіп тұруына басты себепші. Ойланып қараңыздаршы. Сізде ақша бар, бүкіл байлықтың бәрі сізде. Бірақ не отбасыңыз, не жақындарыңыз болмаса сізге сол байлықтың керегі не? Кім үшін ол байлық керегі сізге. Сол себепті өмірдің басты бөлшегі сізге өмір сыйлаған ата-анаңызбен жақындарыңыз. Олар болмаса сіз қазіргідей бақытты болмас едіңіз.

    Сосын бір рет өмірге келгеннен соң өмірде бәрін жасап көру керек. Бір-ақ рет берілетін мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Бар ынты жігеріңізді оқуға салып, болашақта қандай адам болам , мынау қиын заманда қалай жақсы өмір сүрем деп ойланып көріңіз. Мені дүниеге әкелген ата-анамың қарызынан қалай құтылам деп ойлаңыз. Ол үшін шалыс баспай , бір рет құласаңыз қайта тұрып , өзіңізді қолға алып,қайтадан алға қадам басыңыз. Өмір болған соң бәрі болады. Еңбек етіңіз, оқыңыз, қазірден білімді болуға ұмтылыңыз. Себебі 21 ғасыр тек білімді жастардың заманы. Қазір қарап тұрсақ біздің білім алуымызға бар жағдай жасалған. Тегін мектеп , жылы үй, бос уақыт , интернет бар. Неге сол керемет мүмкіндікті пайдаланбасқа? Сондықтан тек алға! Бір рет берілген өмірді қызықты , мағыналы өткізейік.