Өмір қызық)))

Өмір қызық)))Бірде жылайсың, бірде күлесің)) Жалпы осы жыл басталғалы бері, өмірім қызық болып кетті))Бойымды ғажап бір сезім билеп жүр))

  Таңертең сабаққа барасың, барсаң өзің жақсы және жек көретін адамдарды көресің. Қанша жек көрсеңде сол адамдармен сөйлесесің)Басқасын білмеймін, бірақ өзім сондаймын) көргіміз келмесекте, білім алу үшін барамызғой)

Содан кейін, үйге келесің. Шәй мен ішетін торт-морт болса, соны жегенше аузыңның суы құрып асығып жүресің)Сосын үйді жинауға кірісесің, үйді жинап қойсаң, құттай іні-сіңілдерің шашып тастай береді)Оларға ұрысып тамағың қарлығып жүреді) Одан кейін теледидар қарайсың, қызықты нәрселер кездескенше арналарды секунд сайын ауыстыра бересің)Ақыр соңында баяғы қазақстан ұлттық телеарнасына қайтып келесің)Жаңалықтар қарайсың, жаңалықтарды баяғыда интернеттен қарап алғансың, не айтатынын біліп отырасың)Компьютер қосасың, мегалайнды қосып интернетке кіресің)Массагеттен жаңалықтар қарайсың)коммент жазасың, форум ашасың)уффффф не қуып отырм

Негізінде айтайын дегенім, 2013 жыл басталғалы бергі мендегі жаңалықтарды айтайын)Мамам оқуға кетті. Мейрамбек әскерге кетті) Наурыз қызықты өтті. Наурызда ең жақсы көретін адамдарымды көріп мәз болдым)Дұрысы адамымды))

Кітапханаға барып, ақындардың оқуына қатысып, кітаптар алдық. Мен ұялы телефон алдым)(қымбат емес, 2-ші соткам) Өзімше блогер болып жүрм) Атақты адамдармен сөйлестім) Массагеттеде талай қызықтар болып жатыр)8-наурызда көп сыйлықтар алдым) Бразильдықтардың әндеріне қызығым  оянды)Менің апам әрі жақын досым деседе болады, сол басқа мектепке көшіп кетті(Айта берсем жаңалық көп. Сіздер бұлардың бізге не қатысы бар деп отырған шығарсыздар, әрине сіздерге еш қатысы жоқ(бірақ менің сіздерге қатысым бар)

Қанша жаман жағдайлар болсада елемеуге тырысамын. Өйткені мені де жақсы көретін менің достарым бар. Тек жыным келетіні кейбір адамдардың әділетсіздігі. Сол, мен шындықты айтамын деп, көп адаммен келіспей қалып жатамын)

Осындай жағдайларды тез ұмытуға тырысамын) 

Негізі күшті қылып толтырып жазайын дегем, бірақ ойларымды шашып алдым. Келесі бір жол әддддеееміі етіп жазармын! Тек күтіңіздер! Аман болыңыздар!

Әлі талай жақсы жаңалық жазамын!



Бөлісу: