Өмір кезеңдері..

Өмір кезеңдері..
жеке
блог

Уақыт құйғытқан құстай зымырай өте шығып, ғұмырымның бір жылын артқа тастады-ау..Жыл жаңарған сайын, жасыма жас қосылуда.Жас көңіл есеюді қаламаса да, өмір заңы солай. өткен шақтар бейнежазба секілді жадымда қалмақ.Күндер келмеске кетіп жатыр.Санаулы жылдан соң, үлкен өмір өз есігін ашпақ.Өмір пойыз, адам жолаушы секілді...Балалық дəурен,жастық шақ, қарттық деген пойыздары бар. Балалық шақтың бекетін, қалдырдық өмір жолында.Саяхаттап барушы ем, билет жоқ əттең қолымда..Үлкен өмір,яғни өзің жасайтын өмір, жарық сəулесін шашып,бақыт құшағында аяласа пенде атаулының арманы болмас сірə?! Өміріңіз тек шаттыққа толсын десеңіз, өткеніңіз бен болашағыңыздан тек тəтті сəттерді жиі еске алғайсыз.Сонда өткеннің мұң-қайғысы болашағыңызға өз əсерін тигізбес...Бақытты өмір бола бермейді, бақытты сəттер болады!Ал бақытты іздеу өзімізден.