Өмір кейде әділетсіз сияқты маған...

Адам деген қызық қой, иә... 

...Бір нәрсеге ұмтыласың, соны арман етесің, қиялдайсың, соның бәрін жасауға бар күшіңді жұмсайсың, шаршайсың... Әйтеуір сол мақсатыңның бір шетін қайырған кезіңде жан-жағыңа қарайсың... Сол сәтте сен жеткен жетістіктің елдер үшін түк емес екенін, сен сонша еңбектеніп жеткен жетістігіңе олар бір сәтте жеткенін көрген кезде күйініп кетесің... Иә, сондағы сезімді сипаттап көріңізші... Бір тамшы жас көзіңізден шығып кетеді, бірақ сен оны мақсат етіп қойып қойдың ғой... амалсыз алға жылжисың...

...Сен сонша еңбектеніп, соншама жұмыс жасап бір қаржыны табасың және ол ештемеге жетпей мазаң кетеді. Ал біреулер ештеме істемей-ақ сол қаржыны табады... Жының келеді, бірақ сен одан да жақсы жұмыс істейтініңді адамға дәлелдей алмайсың... себебі сен оның алдында бәрібір мықты емессің....

...Күтесің, сол үшін күйесің, сағынасың күтесің, ал ол қырсыққандай келмейді... түсінбейсің

...Ах, міне, ооо мен армандаған нәрсе қолыңды созған жерде тұрады... Ал біреу келіп жай ғана алдыңды орап кетеді... 

...Күнде бір маршрутты күтесің, 30-40 минут күтесің, ол келмейді. Ертесі күні күтпей басқа жолмен кетесің, қарасаң 2 минуттан кейін жаңағы автобус кешікпей уақытында келе жатыр, ал сен басқа жолмен кетіп барасың.... 

...Сен бір нәрсені күтесің, ал адамдар сені түсінбей қояды... сен жынданасың, бірақ ешкімге айта алмайсың.... себебі олар да сені түсінбейді... 

Бәрі жақсы болады, сол кезде мен де адамдарды түсінбейтін болам... 



Бөлісу: