Көрмесем екен...
Періштедей сәбидің жылағанын,
Анасынан айрылып құлағанын.
Қаталдығын көрерсің тағдырдың бұл,
Кіп-кішкентай күнәсізді сынағанын.
Білмесем екен....
Жақсы жолға бастамас арамдықты.
Ешкімге пайдасы жоқ жамандықты.
Шаршаған мәңгі бітпес жалғандықтан,
Аңсайды көңіл мынау адалдықты.
Естімес екем....
Жақындардың бір-бірін алдағанын,
Кіріп іші бауырға арбағанын.
Сенің шексіз сеніміңді жаулап алып,
Дауы бітпес жамандыққа жалғағанын.
Сезбесем екен.....
Өмірдің сол сәттерін толы мұңға,
Үйлесті ойларым бұл солы жырға.
Қуаныш пен алма кезек қайғының бұл,
Тиісті емес мәңгілікке созылуға.