Өмір қашып барады құсқа мініп...

  Адам дүниеге келген соң бірнеше жолдармен жүріп өтеді. Ол жолда жақсылық пен жамандық та, жеңіс пен жеңіліс те болады. Бірде есің кете қуанасың, бірде көңіліз байыз таппай мұңаясың. Әрине, бұл өмір жолы. Өмір сені өз әлеміне әкеледі. Ес білгенше еркелетіп, аялап, мәпелеп өсіреді.. Одан кейін нағыз өмірдің қайнаған ортасына алып келеді. Онда бәрі бар, өмірдің ағы мен қарасы, алдау мен арбау, сәттілігі мен сәтсіздігі. Міне, осы айтылғандардың барлығы біздің өміріміздің біте қайнасқан ортасы. Саған алғашында бар қиыншылығын беруі мүмкін, бірақ соңында барлығы сәттілікпен, жеңіспен аяқталады. Әр адам өмір жолын әрқалай түсініп жатады. Ал мен өмір жолын үш кезеңге бөлер едім:

  Бірінші кезеңінде: "Адам баласы дүниеге келеді, ол оның бақытты шағы". Өйткені, ол сәбидің ең жақын адамы, анасы жанында. Анаңды "іңгәләп" шақырғаныңда жаныңа лезде жүгіріп жетеді. Сен үшін түн ұйқысын төрт бөледі. Әкең қолынан түсірмей еркелетеді, айналып, толғанады. Ол ес білгенше ата-анасынан қол үзбей, еркелеп өседі.

  Бұл бірінші кезеңді: "Тап-тақыр, кірбің түспеген тегіс жолға жатқызамыз".

  Екінші кезеңінде: "Сен есейіп жасөспірім қатарына қосыласың. Жан-жағыңа қарап бой түзейсің, оқисың, мектеп бітіресің. Оқуға түсіп, студент атанасың. Өмірдің бұралаң, кедергілері көп жолдары осы кезеңде баствлады. Әділдік пен әділетсіздік, бәсекелестікке толы ортаға тап боласың. Алайда, соңында жеңімпаз атанасың. 

  Екінші жолды: "Кедір-бұдыр жолға теңер едім".

  Өмірдің үшінші кезеңіне тоқталар болсақ: "Бұл сіздің қартайған шағыңыз. Сіз өзіңізді керексіз адамдай сезінесіз. Бірақ, сізді бәрі жақсы көреді, құрметтейді.

  Өмірдің үшінші кезеңін: "Шаң-топырақ басқан жолға теңер едім".

  Өмір тым қарапайым, оны күрделендіретін өзіміз",-деп Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций айтқандай, өмірімізді тек жақсылықпен өткерейік. Себебі, өмір адамға бір-ақ рет беріледі.

  "Өмір қашып барады құсқа мініп, мен соңыңнан жетем бе деп келемін" деп Мұқағали жырлағандай: қарапайым дв, күрделі өмір зулап өтеді...



Бөлісу: