Өмір ғажап

 Өмір қозғалысымен қызық. Əрбір жолға шыққан сайын түрлі оқиғаларды бастан өткіземіз. Осы жолы да сапарымыз əсерге толы болды. Қарағандыдан Астана қаласына келіп, кезекті электричканың келгенін күтіп отырдық. Астана вокзолы суық екен, біраз тоңып та қалдық. Жылы болар деген үмітпен бірден келіп тоқтаған электричкаға кірдік. Бірақ бастапқы кезде ойлағанымыздай болмады. Жолаушылар вагонға сыймай жатты, артынан бір топ балаларға орын жетпей қалды. Десе де жолсеріктер мен жетекшілердің ұйымдастыруымен мəселе бірден шешімін тапты.
    Балалар Бурабайға лагерьге бара жатыр екен. Жол бойы жетекшілерімен қосылып əн шырқап, өздерінің ұрандарын айтып келді. Керемет көңіл күй сыйлаған ұл, қыздардың өздері де шақырымдарды еңсергенше телофонға үңіліп, маужырап отырмай уақыттарын өте қызықты өткізді. Осы жерде балаларды ұжымдастыра білген жетекшілердің еңбегі ерекше.
    Түйін: өмірден ғажайып іздесеңіз, өмірдің өзі ғаламат екенін ұмытпаңыз; оқиғаның жақсы я жаман жақтары болсын оның ғажабы сіздің көзқарасыңызға, қабылдауыңызға байланысты.



Бөлісу: