Өмір-ең үлкен ұстаз

Өмір-ең үлкен ұстаз
жеке
блог

Ақ пен қарасы, ащысы мен тұщысы қатар жүретін мына жалғанда пенденің басына түрлі қиындықтар түсіп, кейде оның орнын қуанышты сәттер су сепкендей басып жатады. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырдың өзі адамға берілетін үлкен сынақ. Тар жол, тайғақты да кешіп, махаббатқа мас болып жүзіміз бақыттан бал-бұл жайнап жүрген кезде қаншама жылдарды артқа тастағанымызды да аңғармай қаламыз. Алдағы күнді ойламай біреулерді ренжітеміз  немесе кешіруден бас тартамыз, ашуланамыз, ызаланымыз, мұңайамыз тағысын тағы осылай жалғасын таба береді. Сәл дәреже көтерілсе өзгені менсінбей пендешілікке салынып жататындар да кездесіп жатады арамызда. Ертеңгі күнімізде не күтіп тұрғанын білмесек те біреуді кемсітіп, сынап-мінеп өзімізден басқаның бәрін жаман қыламыз да жатамыз.Жетістікке жету үшін «адамнан амал артылған ба?» деп түрлі қулыққа да, алаяқтыққа да жол беріп қоятын кездеріміз аз болмайды. Өмірдің өзі осындай шырмаудан тұрады емес пе? Алайда өлшеулі ғұмырда өмірдің қиындығын көп көрген - көп нәрсеге қол жеткізеді, өмірдің ащысын көп татқан адам - тәттінің қадірін біледі, өмірде көз жасы көп төгілген адам - шынайы күле алады.
Өмірдің өзі - ең үлкен ұстаз...