Өмір дейтін өткел бар, оңай өтем демеңіз!

Өмір дейтін сынақ бар. Ол 11 жыл оқып тапсыра салатын Ұлттық Бірыңғай тест емес. Ол - бірде төмен көрсеткішімен сүріндіріп, бірде қолыңа жоғарғы балдық сертификатыңды беретін күнделікті сынақ. Бірі біріншіден құласа, бірі соңына дейін шыдап биік шыңына жетеді. 

Сағың сынбасыншы... менің қадірлі досым, бастысы, сағың сынбасын. Бүгінгі күн шектелген дүние емес қой. Ертең бар, болмаса арғы күнің бар. Бүгін болмаған жоспарың ертең орындалады. Шүбəсіз сенші. 

Арманда! "Армансыз адам қанатсыз құспен тең" дейді ғой. Өз қанатыңды қырқудың қажеті жоқ. Сенің шарықтауың, ұшуың, көк аспаннан Жерді тамсана қарауың əлі алда. 

Бəрі бірден бола салмайды. "Адамның емес, Алланың дегені болады". Алла сені сүріндірген сайын сен ойла: ол сені құлату арқылы өзіңнің арнаңа апаруда. Сен жолыңды таппадың. Ал, ол саған нұсқауда. Біріншіден құлату арқылы сен байқамаған екінші, өзге жолды көрсетіп жатыр. 

"Теңгенің екі жағы болады" дейміз. Бірақ үшінші жағы барын да көрмейміз ғой. Неге? Неге байқамаймыз? Себебі, бізде бір ғана ой қалыптасқан. Сол ойдан, қағидадан шықпау керек, алыстамау керек. Таяқтың екі ұшы болса, біз бір жағын ғана қарастырамыз. Бір ғана бағытпен жүреміз. Неге соны керісінше жасап көрмеске? 

Ойландыңыз ба? 

 



Бөлісу: