"Өмір дегенің - бір күндік Сәуле" емес

"Өмір дегенің - бір күндік Сәуле" емес
жеке
блог

«Өмір дегенге тірлікте сірә жетер ме ой» деп Мұқаң, Мұқағали марқұм бекерге толғанбапты-ау.  Журнал беттерінен мынадай бір әңгіме оқығаным бар.

Жас адвокат университетті жаңа тәмәмдап, өз мамандығы бойынша жұмысқа кірісті. Жастықтың жалыны қойсын, оны өрге де, қырға да сүйреді. Тыңға түрен салды. Айналасындағылардың бәрін өз дарынымен мойындатты. Бірде, өте жоғары деңгейдегі сот отырысында ол қорғаушы болды. Бұл жолғы қолға алған жұмысы тіпті оны ақшаға көміп тастайтын еді. Сот жалғасып жатыр. Аяқ астынан бас судия жас адвокаттан: «Теңіз істері заңы бойынша қудалау мерзімі алты жыл ғой, солай ма, жігіт?» деп сұрақ тастады.

Қорғаушы бір сәт аңтарылып қалды да, бас сотшыға тіке қарап, еш қысылмастан: «Жоқ. Бас сотшы мырза, теңіз істері заңы бойынша қуадалау мерзімінде шек жоқ.» деп жауап берді.

Қартайған шағында осы оқиғаны есіне алған адвокат: «Сол кезде зал іші құлаққа ұрған танадай боп қалып еді. Сілтідей тынған тыныштықты тек залда отырған қауымның сыбырлары ғана бұзып тұрды. Менікі дұрыс, ал бас судия қателесіп тұрса да, ол қуана қойған жоқ, себебі мен ешкімге де зияны тимейтін осы бір сөзге түзету жасамай-ақ қоюым керек еді. Сотшының бет-жүзі сұрланып, сүлкіні түсіп-ақ кетті. Мен қателігімді түсіндім, ел алдында беделді, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс боп тұрған әділ сотшының, лауазымды кісінің даңқына нұқсан келтіріппін.»

Әділ, шынайы өмір сүруді кім-кім де армандайды. Бір адамдар ара қарым-қатынаста басқалардың қателігін байқаған кезіңізде оны «салқ» еткізіп бетіне басудың қажеті шамалы. Ескертуді «сіз бәлкім осыны ұмыт қалдырған болуыңыз мүмкін» деген сыңайда жеткізу ең ұтымды жол болмақ. Ал, тіке айту, жаулық пейілге әкелуі мүмкін, тіпті сен топассың, ал мен сенен ақылдымын деген түсінікке алып келуі де ғажап емес.

Жә, бүгінгі ой осы. Тірі адам үшін «Өмір дегенің - бір күндік Сәуле» емес әрине. Ден сау болын!