Бабалар тағылымы: « Қалай өмір сүрсең , солай өлесің , қалай өмірден өтсең , сол сипатта қайта тірілесің » дейді . Мәңгі өмір сүретіндей мәнсіз нәрсеге көп уақытымызды жұмсаймыз . Дүниеге жалаңаш келесің , ақыретке жалаңаш кетесің . Осы екі жалаңаштықтықтың арасы – өмір . Осы аралықта таласып , тармасып ,жанығып , ұрысып , керісіп әйтеуір өмір сүріп жатырмыз. Әрнеге әуре болып жүріп , жақсы мен жаман , пайда мен зиянымызды да ажырата алмай жатырмыз . Тіпті , ең қымбат деген бауыр , туыс , жастық , күш секілді қымбат дүниелеріміз ұмыт қалып жатады . Себебі , фәнидің қысқа , бақидың мәңгілік екенін ұмытамыз .
Көп жағдайда еріншектігімізді мойындай алмай , шайтаным азғырды деп жатамыз .Шайтан не үшін жаратылған ? Елді адастыратын ондай азғырушының керегі не?Өзінің тозаққа баратынын біле тұра неге кінәсін мойындап , тәубеге келмейді ? Алла ешбір жаратылысты бекерден – бекерге я болмаса жаманшылық жасау үшін жаратпаған . Шайтан о бастан шайтан болып жаратылмаған . Ол да періштелердің қатарында өмір сүрген жаратылыс иесі . Алайда ол Алла Тағаланың алғашқы сынағынан – ақ сүрінді . Сүрінгенде де жай сүріну емес , омақасып оңбай құлады . Шайтанға берілген сынақ – « Адамға сәжде ет ! » деген бұйрық еді .Шайтан осы бұйрыққа қарсы шығып ,қырсыққан үстіне қырсығып , тәкаппарлық танытты . Паңданып ,Алланың бұйрығына қарсы шығуының қарсаңынан , Жаратушының шексіз рақымынан қуылды .
Дәл бүгінгі қоғамда діннен адасушылардың саны күн санап артуда . Құдай жоқ , о дүние деген бекер , өлгеннен соң бәрі бітеді деп ойлайтындар саны да аз емес . Аллаға апаратын 70 мың түрлі жол бар . Әрине , жұмақтың есігі біреу ғана . Діннен адасушылардың басым көпшілігі – жас жеткіншектер . Қазір жұмыс жасайтындардан , жұмыссыз жастардың саны көп екені баршамызға аян .Кім оңай жолмен ақша тапқанды жаман көреді ? Міне – жастардың діннің арбауына түсіп , адасуының негізгі себебі осы . Бүгінгі күні сақал өсіргеннің бәрі жат ағым иесі деген пікір қалыптасып алған ? Жасаған ием – ау ,қараңғы қазақтың көзін ашқан Шәкәрім мен Абай сонда бахабис пе? Әрине , сақал қой ,оған ешкім қарсы емес ,бірақ мұсылман бауырым өзіңе жарасымды болсыншы . Дін біз бен сіз шештін оңай мәселе болып тұрған жоқ . Бұл актуальды мәселені қоғам болып , ел болып ,мұсылман болып шешуіміз қажет . Қазіргі таңда осы мәселенің біздің елімізде етек алуына екінші себеп – діни білімнің аздығы .
5 уақыт намазға кететін 25 минут сенің бір күніңнің 2 % - ын ғана алады . Сонда бізді жаратқан иемізге 24 сағатымыздың 25 минутын қия алмағанымыз ба ? Айтыңызшы , ана өмірге , Аллаһ тағалама өзімізбен не апарамыз ?