Өмір деген...
Өмір деген тым алдамшы өткінші,
Тек мұңаймай көп қуанып, көп күлші.
Алла берген сынақтардан сүрінбей,
Бар адамзат жаңылыспай өтсінші...
Бұл заманда өзгерді ғой қанша адам,
Біреуіне қапаланам, біреуіне таң қалам.
Біреулер бар байлық үшін ар-ұятын ойламай,
Талай сұмдық, талай қайым жасаған.
Жігіттер жүр келешектің не боларын ойламай,
Есірткі, тартып темекі, атып алып насыбай.
Байлығына мастанып, ішіп алып арақты,
Ата-анасын сорлатып жүр әлі күнге оңалмай.
Қыздар да жүр өмір деген не екенін түсінбей,
Надан ба, әлде басқа ма келудемін мен білмей.
Ақымақтық жасайды кеп, арын сатып өзінің,
Ақша тауып оңай жолмен, асын жейді түк білмей.
Адамзат, тәубе етейік, бір Аллаға сыйынып,
Жетім-жесір өміріне демеу болып, жиылып.
Қазақ деген ұлтымызды әрқашан да құрметтеп,
Адал жолмен еңбек етіп, надандықты жеңейік!!!